RU
"Ашынасын үйге әкелді": Күйеуінен опасыздық көрген келіншек жан сырын ақтарды
Жаңалықтар Қоғам

"Ашынасын үйге әкелді": Күйеуінен опасыздық көрген келіншек жан сырын ақтарды

Рассказать Вконтакте

Күйеуі көзіне шөп салған келіншек өміріндегі ауыр сәттер туралы айтып, жан сырымен бөлісті. 19 жаста тұрмысқа шыққан ол өмірінің алай-дүлей өзгеріп кетерін білмеген де екен деп хабарлайды NUR.KZ.

Көрнекі фото: mistik-info.ru

Көрнекі фото: mistik-info.ru

Отбасы құрған соң бала көтерген келіншек төбесі көкке жетіп, қуанып жүргенін айтқан. Алайда іштегі баланың жүрегі соқпай қалуы жанұядағы жылулық пен шаттықты сап тыйған көрінеді. Осы сәттен бастап оның жұбайы қол көтеріп, әйелінің көзіне шөп сала бастаған екен.

Күндер өте күйеуі әскери қызметтен де шығып кетеді. Осыдан кейін жұбайлардың нан таба алмай, қарызға батып кеткендер күндері де аз болмаған. Алайда әйел өз серігіне сенім артып, ешқашан қаймықпапты.

Осындай қарбалас кезеңдердің бірінде келіншек екінші баласын көтереді. Оның сөзінше, күйеуі бұл жаңалықты естігенде, тіпті, қуанбаған да екен.

"Аман-есен босанып қызымды қолыма алдым. Ештеңе де өзгерген жоқ, сол баяғы таяқ, көзге шөп салу. Ең соңында мойныма пышақ қойып ,"өлтіре салайын ба?" дегенді де көрдім. "Кетемін болды" дегенімде, әпкем "қызыңды ойла, қызың жетім өседі" деді, тағы қыз үшін қалдым", - дейді ол.

Күйбең тіршілікпен өз төркініне үш жыл бармаған келіншек араға бір жыл салып, үйіне кетеді. Алайда, осы уақытта әйел күтпеген жаңалықты естіп, төбесінен жай түскендей болыпты.

"Төркінімде жатқанымда соншалықты сенген күйеу сымағым ашынасын тұрып жатқан үйімізге алып келіп тұрып жатыпты. Қиналғанда мынау мені басқа əйелге айырбастады деп емес, соншалықты сенген адамым опасыздық жасағанына қиналдым.
Ақшаның жоқтығы, киімнің нашарлығы мен үшін ештеңе емес еді. Жүрегіме батқаны - сенген адамыңның сеніміңді ақтамағаны. Заң жүзінде ажырастым. Міне 2 жыл болды. Қызым жанымда. Аллаға сансыз шүкір.
Екінші ата-анам, бауырларымның арқасында аяғымнан тік тұрдым. Өз-өзіме қараймын. Сырттан көргендер мені сондай өмірді көрді деп ойламайды", - дейді келіншек.

Қазіргі өміріне көңілі толғанымен, келіншек әлдебір бақытты күтетінін айтады. Әскери адамдарды ұнататын әйел алдағы уақытта да бір азаматтың бақыты болғысы келетінін жеткізген.

"Әйел бақытын сезінгім келеді. Бірақ ол болмауы да мүмкін ғой. Мен баламмен кімге керекпін деп ойлаймын. Əскери жігіттің жары болғым келеді. Бірақ мені кім алады? Мен сүйікті жар болғым келеді", - дейді ол.
Сіздің реакцияңыз
2
0
0
14
0
2
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel