RU
Айгүл Иманбаева директор болған Сәбит Әбдіхалықовқа ақ тілегін арнады
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Айгүл Иманбаева директор болған Сәбит Әбдіхалықовқа ақ тілегін арнады

Рассказать Вконтакте

Айгүл Иманбаева бұрынғы күйеуі Сәбит Әбдіхалықовты жаңа басшылық қызметімен құттықтады. Әнші Әуезов драма театрының директоры болып тағайындалған актерге желіде жазба арнаған деп жазады NUR.KZ.

Фото: Instgaram, Коллаж: NUR.KZ

Фото: Instgaram, Коллаж: NUR.KZ

Шоу-бизнес жұлдызы күйеуімен ажырасып кетсе де, жақсы қарым-қатынас сақтап қалған көрінеді. Ол тіпті, бұрынғы жұбайын жаңа қызметке келуіне орай, оны Instagram арқылы құттықтауды аянып қалмаған.

"М.Әуезов атындағы Академиялық драма театрының директоры болып актер, режиссер Сәбит Әбдіхалықов тағайындалды! Сәбит жаңа қызметіңе сәттілік тілеймін! Сен бұған дейін де үлкен ұжымжарды басқарған азаматсың! Саған тек денсаулық тілеймін! Жаңа ісіңе Алла абырой берсін! Биіктерден көріне бер! Өнерге адал қызмет ете алатын жансын! Тек сәттілік серігің болсын" , - деп жазды Айгүл Иманбаева.

Оған қоса, әнші дәл осы жазбасына пікір қалдыру мүмкіндігіне шектеу қойып қойған.

Айта кетейік, күні кеше театр саласында бірқатар жаңа тағайындалулар болды.

Сәбит Әбдіхалықов Мүсірепов театрындағы басшылық қызметінен кетіп, Әуезов театрының директоры болды. Балалар мен жасөспірімдер театрындағы оның орнын әріптесі Азамат Сатыбалды тағайындалды.

Еске сала кетейік, Айгүл Иманбаеваның әндерін біздің"Музыка Нур"қосымшасынан тыңдай аласыздар.

Сіздің реакцияңыз
1
2
5
0
1
15
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel