Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өз туысына тұрмысқа шыққан қазақ қызының өмірі күл-талқан болды

Опубликовано:

Мектеп бітірген соң өзінен үш жас үлкен жігітке тұрмысқа шықпақ болған Ақеркеге туыстары қарсылық білдірген. Оның басты себебі, бір-бірін құлай сүйген ғашықтардың туыс болуында екен. Алайда, ағайынның ақылын тыңдамаған жастар ақыры шаңырақ көтеріп, жанұя атанады. Бұл туралы Түркістан облысының тұрғыны Базркүл Болатжанқызы әңгімелеп берген деп хабарлайды "Алаш айнасы".

Көрнекі фото: cheboksary.ru
Көрнекі фото: cheboksary.ru: Twitter

Бақтияр мен Ақерке үйленген соң бірден қалаға аттанады. Ауылды шулатып, отау құрған жұп туралы ешкім ештеңе естімесе де, олардың ата-анасы жағдайларын білу үшін қалаға барып тұрған.

Бірақ, арада 3-4 жыл өткен соң екеуі ажырасып кеткендерін айтқан. Себебі, руы бір болса да, бас қосқан жұбайлардың отбасылық өмірі бақытсыздыққа ұласқан.

Өз сөздерінше, тұңғыштары дүниеге келген күннің ертесіне шетінеп кетіпті. Артынан белгілі болғандай, сәбидің ішкі органдары дамымай қалған екен. Үміттері үзілмеген жұп келесі баланы босанғанда одан да қиын жағдайға тап болған. Нақтырақ айтқанда, іңгәлаған сәби аман-есен туғанымен, құлағы мүлде естімей қалған. Ал төрт айлығында еккен дәрінің кері әсерінен нәресте шетінеп кетіпті.

Осыдан кейін де Ақерке бірнеше рет бала көтерген. Алайда, арман болған сәбилері түсіп қала беріпті. Біраз уақыттан соң жағдайы нашарлаған келіншекке дәрігерлер ота жасап, жатырын алып тастаған.

Есеңгіреп қалған ерлі-зайыптылар емшіге барудан басқа амал таппайды. Ал ем-дом жасайтын балгер бұл жұптың бір атаның балалары екенін айтып, ажырасуы қажеттігін ұсынған.

Махаббатары берік болғанмен, бір балаға зар болған жұптың жанұясынан ұрыс кетпеген. Ақырында олар бір-бірінің бағын байламауды жөн көріпті. Араға біраз уақыт салып, Бақтияр да, Ақере де өз теңдерін тапқан. Қазір екеуі екі жақта бақытты өмір сүріп жатыр екен.

"Айтайын дегенім, ата жолын сақтамай, жеті атаға толмай тұрмыс құру дұрыс емес. Ол жақсылыққа апармайды", - деп әңгімесін аяқтады Базаркүл Болатжанқызы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1770843-z-tuysyna-trmyska-sykkan-kazak-kyzyny-miri-kl-talkan-boldy/

pixel