RU
Түркістан облысында туған анасы мен әйелін өлтірген ер адамға қатысты сот аяқталды

Түркістан облысында туған анасы мен әйелін өлтірген ер адамға қатысты сот аяқталды

Рассказать Вконтакте

Түркістан облысында туған анасы мен әйелін өлтірген ер адамға қатысты сот аяқталды. Сот-медициналық сараптама туғандарын жер жастандырған 28 жастағы жігітті психологиялық ауытқуы бар деп түйген. Бұл туралы NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Көрнекі фото: atn.ua

Көрнекі фото: atn.ua

Түркістан облыстық мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі сотының шешімімен сотталушыны медициналық емдеу мекемесінде мәжбүрлеп емделетін болды.

Еске сала кетейік, елдің жағасын ұстатқан сұмдық жағдай Түркістан облысы Ордабасы ауданы Шұбарсу ауылында 2018 жылдың 23 ақпаны күні болған еді.

Қанды оқиға болған күні 28 жастағы жігіт 23 жастағы аяғы ауыр әйелін пышақтап өлтірген.

Ал оны тоқтатпақ болған 52 жастағы анасын да сойып, арашаға келген әкесіне де пышақ ала жүгірген.

Әкесін көршілері амалдап, көмекке кеп аман алып қалып, жын ұрған жігітті аяқ қолын байлап полицияға табыстаған екен. Анасы мен әйелі де жедел жәрдем қызметкерлері келгенше көз жұмыпты. Отбасында бір жасар немересі қалған.

Сіздің реакцияңыз
1
0
4
0
1
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel