RU
Жаңа жылда Қазақстанда -40 градус аяз күтілуде
Жаңалықтар Калейдоскоп

Жаңа жылда Қазақстанда -40 градус аяз күтілуде

Рассказать Вконтакте

Жаңа жылда қазақстандықтарды қатты аяз бен жауын - шашын күтеді деп хабарлайды "Қазгидромет" РММ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

mogilevnews.by

Көрнекі фото:mogilevnews.by

29 желтоқсан мен екінші қаңтар аралығында синоптиктердің болжауынша, Қазақстанда қатты күн суытады.

Термометр көрсеткіштері -25…-30 градусқа төмендеп, кей жерлерде -33…-38 градусқа жетеді.

Екінші қаңтарға қараған түні шығыс аймақтарда ауа температурасы -40 градусқа дейін төмендейді.

Оңтүстік және оңтүстік-шығыс аудандарда ылғалды қар күтілуде. Ал қалаларға тұман түсіп, жолдарды қызылсу мұзы басады.

Еліміздің оңтүстік бөлігінде термометр көрсеткіштері -3…-8 градусқа жетеді. Ал кей аудандарда күн күрт суытып, -15…-20 градус аяз күтілуде.

Қазақстанның батыс аймақтарында синоптиктердің болжамынша, жаңа жыл түні ылғалды қар жауып, тұман түсіп, көктайғақ болады. Температура көрсеткіштері қалыпты деңгейде қалады.

Сіздің реакцияңыз
1
1
0
0
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel