RU

Денесін тату басқан қазақ жігіті желіде қызу талқыға түсті (видео)

Желіде "Parfumer" лақап атымен болған жігіт тағы да ессіз қылылығымен көпшіліктің қаһарына ілікті. Бұл жолы Азамат Мейрамбек қақаған аязда жейдесін шешіп тастап, түсініксіз би билеген деп жазады NUR.KZ.

Фото: Instagram, Коллаж: NUR.KZ
Фото: Instagram, Коллаж: NUR.KZ: Twitter

Өзінің видеосын жас жігіт Instagram парақшасына жүктеп қойған. Ол қымбат көліктен шыға сала, ессіз әрекетке басқан.

Желідегілер бірден ерсі қылығымен танымал болған азаматты аяусыз сынап тастады. Көпшілік оны тыйым салған нәрсе пайдаланған немесе ішімдік ішіп алған деп болжады

"Ессіз, шайтан ғой мынау", "Не сұмдық бұл? Заман қайда кетіп барады?", "Құдай сақтасын. Саған емделу керек".
"Аурухана емес, жындыханаға жатқызу керек мұны", "Шөп шегіп алған ғой мына жігіт. Танымал болу үшін не істерін білмейді" , - деді желі қолданушылар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1770875-denesin-tatu-baskan-kazak-zigiti-zelide-kyzu-talkyga-tsti-video.html