RU
Алматыда қарақшылар сауда фирмасының қызметкерлерін атып кетті

Алматыда қарақшылар сауда фирмасының қызметкерлерін атып кетті

Рассказать Вконтакте

27 желтоқсан күні тапа-тал түсте Алматы қаласында екі азаматтың көз жұмғаны туралы әңгіме тарап кетті. Артынша қалалық полиция да бұл ақпаратты растады. Анықталғандай, бұзақылар сауда фирмасының өкілі мен көлік жүргізушісіне шабуыл жасаған. Зардап шеккен екі азамат та тез арада ауруханаға жеткізілді деп хабарлайды Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Видеодан кадр/ Еуразия бірінші арнасы

Фото: Видеодан кадр/ Еуразия бірінші арнасы

Телеарнаның хабарлауынша, қылмыс кешкі сағат бес шамасында орын алған.

Жәбірленушілердің туыстары сауда фирмасының өкілі мен "Газель" жүргізушісі тамақтану үшін тоқтағанын айтады. Сол кезде ашық тұрған есікке белгісіз біреулер келіп, олардан ақша сұраған екен.

Зардап шеккендердің жақындары шабуыл жасаған екі адам екеніне сенімді. Олардың бірі есікті ашып, шолақ мылтықты жүргізушіге бағыттаған. Ол автоматқа тығылып, қолын жарақаттапты. Артынша бұзақылар сауда фирмасының өкіліне кеуде тұсынан оқ атқан.

Сол аумақта тұратын азаматтар оқ дауысын естігендерін айтады. Біраз уақыттан соң оқиға орнына полиция қызметкерлері келіп жеткен.

"Бізге екі жігітті атып кеткені белгілі. Ал оған не себеп болғанын бңлмейміз. Мүмкін, бір нәрсені бөлісе алмаған шығар", - дейді жергілікті тұрғындар.

Телеарнаның хабарлауынша, оқиғадан кейін бұзақылар көзден таса болған. Ауыр жарақат алған жәбірленушілер бірден ауруханаға жеткізілген.

№4 қалалық клиникалық аурухананың хирургия бөлімі басшысының орынбасары екі азаматтың да бірден ота үстеліне жіберілгенін айтады. Қазір олардың жағдайы тұрақталған. Жәбірленушілердің бірі палатаға ауыстырылса, екіншісі әлі жан сақтау бөлімінде жатыр.

Айта кетейік, бұл ақпараттарды Алматы қалалық Полиция департаменті растаған.

Сіздің реакцияңыз
5
1
0
2
1
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel