RU
"Ата-анасы бар ма?": Асхат Тарғын төсін жалаңаштаған аруды жазалау керектігін айтты

"Ата-анасы бар ма?": Асхат Тарғын төсін жалаңаштаған аруды жазалау керектігін айтты

Рассказать Вконтакте

Асхат Тарғын желіде сәукеле киіп, төсін жалаңаштаған бойжеткенге қатысты өз ойын жеткізді. Әнші бұған дейін атышулы аруды елден қууды ұсынған танымал журналистің үндеуіне қосылған деп жазады NUR.KZ.

Фото: Instagram, Коллаж: NUR.KZ

Фото: Instagram, Коллаж: NUR.KZ

"Мына бәлені қалай тоқтатуға болады. Не деген көргенсіздік. Ата-анасы, ағалары жоқ па? Мен видеосын салуға (ұяттан) дәтім бармады. Кешірім сұрағандай қылды да, артынша саусағын шығарып әбден мазақ етті. Билік басындағылар бір шара қолдану керек қой. "Казашкамын" деп қояды. Қазақ емес-ау шамасы", - деп жазған шоу-бизнес жұлдызы өзінің Instagram парақшасында.

Айта кетейік, бұған дейін сәукеле киіп, шешінген қазақ қызы халықтың ызасын тудырған болатын. Өзіне айтылған кері пікірлер салдарынан ару қоқан-лоққыға тап болып, желіге жылаған видеосын жүктеді.

Ал бүгін бойжеткен көптің күткен "кешірім видеосын" жүктеп, елді одан бетер ашуландырды. Ол бейнежазба басында елден кешірім сұрағандай болып, артынан әзілдеп тұрғанын айтты. Желідегілер арудың өзін мазақ қылып отырғанын жазып, оған ауыр сөздерді қарша боратқан.

Олардың бірі отандық журналист Бибігүл Дәулетбекқызы атышулы аруды елден қууды талап етіп, Ішкі істер министріліг мен Бас прокурорға үндеу жолдады.

Сіздің реакцияңыз
9
3
0
3
0
43
4
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel