RU
ШҚО әкімшілігінің қызметкерлері жаңа жылдық мерекелік кештен бас тартты

ШҚО әкімшілігінің қызметкерлері жаңа жылдық кештен бас тартты (фото)

Рассказать Вконтакте

Шығыс Қазақстан облысы әкімшілігінің құрылыс басқармасы қызметкерлері жаңа жылдық кештен бас тартты. Оның орнына Өскемен қаласындағы бірнеше әлеуметтік мекемелерге мерекелік көңіл-күй сыйлап, сондай-ақ жағдайы төмен отбасыларға сыйлық таратты деп хабарлайды NUR.KZ.

фото: ШҚО әкімшілігі

фото: ШҚО әкімшілігі

Қызметкерлер жинастырған қаражатқа ойыншықтар, кітаптар, ой-өрісті өсіретін ойындар, тәттілер және тағы басқа қажетті сыйлықтар алған. Қарттар мен мүгедектерге жүріс арбалар, тонометрлер, арнайы үстелдер, жеміс-жидектер мен тәттілер алыпты.

фото: ШҚО әкімшілігі

фото: ШҚО әкімшілігі

"Бұл дегенің тамаша. Алғаш көргенде қандай үлкен сыйлық келді деп таңқалдық. Бастысы барлық сыйлық қолдануға қажетті заттар. Біз сол үшін қуаныштымыз, - деп пікірін білдірді қариялар мен мүгедектерге арналған интернаттың тұрғыны, ҰОС ардагері Павел Наговский.
фото: ШҚО әкімшілігі

фото: ШҚО әкімшілігі

Жаңа жыл қарсаңында барлық әріптестер ақылдасып, жаңа жылдық кешті өткізуден бас тарттық. Бәрінен бұрын, бүгін балаларды, ақсақалдарды, аналарды қуантқанымызға ризамыз. Бұл мерекеден барлық адамның таңғажайып күтетіндігі белгілі, бізге сондай атмосфера туындату мүмкіндігі туды. Болашақта осындай акцияларды дәстүрлі түрде ұйымдастыруды ойластырудамыз. , - деді ШҚО құрылыс, архитектура, қала сәулеті басқармасы жетекшісінің міндетін атқарушы Бауыржан Құдияров.
фото: ШҚО әкімшілігі

фото: ШҚО әкімшілігі

Айта кететін жағдай, жаңа жылдық кештен бас тартуға бәрі өз еркімен келіскен.

фото: ШҚО әкімшілігі

фото: ШҚО әкімшілігі

фото: ШҚО әкімшілігі

фото: ШҚО әкімшілігі

Еске сала кетсек, осыған дейін жаңа жылдық кешті өткізуден Атырау облысының, Маңғыстау облысының мемлекеттік қызметкерлері мен Қызылорданың шенеуніктері бас тартқан болатын.

Сіздің реакцияңыз
0
0
1
0
1
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel