RU
Жақып Асанов Қарағанды облыстық сотының жаңа төрағасын таныстырды
Жаңалықтар Қоғам

Жақып Асанов Қарағанды облыстық сотының жаңа төрағасын таныстырды

Рассказать Вконтакте

Бүгін, 28 желтоқсан күні Қазақстан Жоғарғы Сотының Төрағасы Жақып Асанов Қарағанды облысының судьялар қауымдастығына Қарағанды облыстық сотының жаңа төрағасын таныстырды деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Мемлекеттегі ең үлкен облыстық бас судьясы болып 53 жастағы Нұрсерік Кәрімұлы Шәріпов тағайындалды. Құқықтану және экономист мамандықтары бойынша екі дипломы бар. Соңғы лауазымы-Жоғарғы Сот жанындағы соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің басшысы.

Одан бөлек, Жақып Асанов Мұсабек Әлімбековке жақсы жұмысы үшін алғысын білдірді. Әлімбеков ҚР Судьялар Одағын бұрынғыдай басқаруды жалғастырады.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Облыстық соттың жаңа басшысын ұсыну кезінде Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов, құқық қорғау органдарының бірінші басшылары, аудандық және оған теңестірілген соттардың төрағалары қатысты.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel