RU
Меруерт Түсіпбаева бұрынғы күйеуінен не үшін ажырасып кеткенін ашып айтты

Меруерт Түсіпбаева бұрынғы күйеуінен не үшін ажырасып кеткенін ашып айтты

Рассказать Вконтакте

Танымал әнші Меруерт Түсіпбаева NURTV.KZ-тің "Клип Show" атты жаңадан ашылған бағдарламасына келіп, өзінің танымалдылыққа қол жеткізген кезін еске алды. Әншінің бұрынғы күйеуі әйелінің танымалдылығын көтере алмаған деп хабарлайды NUR.KZ.

Меруерт Түсіпбаева. Фото:Алаш айнасы

Меруерт Түсіпбаева. Фото:Алаш айнасы

"Менің клипке өзімнің жолдасым түскен. Ол кісі өзі түскісі, танымал болғысы келді. Менің екі бейнебаяныма жолдасым түсті. Бірақ сегіз жылдан кейін біз ажырасып кеттік.
Менің ойымша, "Бақ пен тақты салмақ қана көтереді". Жай ғана қарапайым студент болдық. Бірақ менің басыма танымалдық тарс етіп түскенде, оны жолдасым көтере алмады.
Сегіз жыл тұрғаннан кейін мен ажырасуға бел будым. Алдағы өмірімді Болатпен (ред: бұрынғы күйеуі) елестете алмадым. Өйткені, менің ер адамға қоятын талаптарым болатын. Бірақ ол сол талаптарға сай бола алмады", - дейді Меруерт Түсіпбаева.

Естеріңізге сала кетейік, Меруерт Түсіпбаеваның әндерін біздің "Музыка Нұр" қосымшасынан тыңдай аласыздар.

Сіздің реакцияңыз
12
5
0
1
2
5
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel