Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шығыс Қазақстанда ұйықтап жатқан әкесінің жанынан сәбидің мәйіті табылды

Опубликовано:

Шығыс Қазақстан облысында бір жасқа енді толған сәби ұйықтап жатқан әкесінің жанына өлі күйінде табылған деп хабарлайды YK-news.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Kolobok.ua
Көрнекі фото:Kolobok.ua: Instagram

Зырян қаласының тұрғыны жұмыстан келіп, үйіне кіре алмаған. Үйде күйеуі мен бір жастағы баласы болған. Ер адам белгісіз себептермен есік ашпаған соң әйел адам құтқару қызметін шақыртқан.

Оқиға орнына жеткен құтқарушылар есікті бұзып, үйге кірген. Үйден олар ұйықтап жатқан ер адам мен баланы анықтаған. Сәби тыныс алмай жатқан. Жедел жәрдем шақыртылып, дәрігерлер баланың қайтыс болғанын хабарлаған.

Бүлдіршіннің өліміне қатысты тергеу жүргізілуде. Оқиғаның мән-жайы алдағы уақытта анықталатын болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1770961-sygys-kazakstanda-jyktap-zatkan-kesini-zanynan-sbidi-mjiti-tabyldy/

pixel