RU
Ғалымдар жумай кие беретін іш киім ойлап тапты

Ғалымдар жумай кие беретін іш киім ойлап тапты

Рассказать Вконтакте

Organic Basics компаниясының ғалымдары жумай киюге болатын іш киім ойлап тапты. Іш киімді өндіру технологиясы NASA-ның халықаралық ғарыш станциясында су тазартуға қолтанатын технологияға ұқсас. Бұл туралы 5-tv.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ жазады.

apparelresources.com

Фото:apparelresources.com

Мамандар қоршаған ортаны қорғау жолдарын қарастыра келе, осындай өнім шығарған. Олардың сөзінше, киім мен аяқ киім өнеркәсібі миллиардтаған тонна қоқыс шығарады және жылыжай әсерін тудырады.

"Барлық киім жууды талап етеді, сондықтан тозып, уақыт өте оны лақтырамыз. Ал іш киім ең көп жуылатын қиім", — деп мәлімдеді компания өкілдері.

Оrganic Basics киімін өндіргенде NASA-ның халықаралық ғарыш станциясында су тазартуға қолтанатын технологияны қолданады.

Мамандар матаны күміс хлоридімен өңдейді. Ол бактериялардың 99,9 пайызын жояды. Химиялық құрам киімде біржолата сақталатындықтан, бактериялар көбеймейді. Ұзақ киген күннің өзінде мұндай киімнен жағымсыз иіс шықпайды.

Сіздің реакцияңыз
1
3
0
1
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel