RU
Қазақстандықтарды қаңтарда қандай ауа райы күтіп тұр?

Қазақстандықтарды қаңтарда қандай ауа райы күтіп тұр?

Рассказать Вконтакте

"Қазгидромет" РММ-нің мамандары 2019-шы жылдың қаңтар айына ауа райы болжамын жасады деп жазады NUR.KZ.

7sunews.kz

Көрнекі фото:7sunews.kz

Алдын ала болжам бойынша, қаңтар айында еліміздің оңтүстік-батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарында ауа температурасы қалыпты көрсеткіштен бір градусқа жоғары болады. Ал қалған бөліктерде қалыпты деңгейде сақталады.

Жауын-шашын мөлшері қалыпты деңгейде немесе сәл көп болады. Тек Павлодар мен Шығыс Қазақстан облыстарында нормадан төмен болмақ.

Бірінші онкүндікте солтүстік, солтүстік-шығыс және орталық аймақтар суық антициклон әсерінде болады.

Термометр көрсеткіштері түнде -25 -30, кей жерлерде -35 градус аязды көрсетеді. Ал күндіз -15 -.20, кей жерлерде -25 градусқа төмендейді.

Батыс, оңтүстік-батыс және оңтүстік аймақтарда жылы ауа массалары мен фронталды бөліктердің өтуіне байланысты жауын-шашынды жылы ауа райы болады деп болжануда.

Ауа температурасы түнде -2 -7, кей жерлерде -12 градусты көрсетеді. Күндіз 0 градустан +5-ке дейін көтеріледі. Кей жерлерде -5 болады деп күтіледі.

Қаңтар бойы ел аумағынан жылы ауа массалары мен фронталды бөліктердің жиі өтуіне байланысты жауын-шашынды жылы ауа райы қалыптасады деп болжануда. Тек соңғы он күндікте күн суытады. .

Синоптиктер бұл тек кеңестік болжам екенін ескертеді. Ауа райының өзгеруіне байланысты өзгерістер болуы мүкін.

Сіздің реакцияңыз
0
2
0
0
0
5
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel