RU

Денис Тен мен Томирис Байсафаның өлімі: 2018 жылы қандай қайғылы жағдайлар орын алды?

Жыл сайын адам жадында мәңгіге сақталып қалатын қайғылы жағдайлар орын алып тұрады. 2018 жылы да көпшілік өмірін түбегейлі өзгерткен жантүршігерлік оқиғаларға толы болды. Олардың арасынан ең үлкен резонанс тудырғандар топтамасын оқырман назарына NUR.KZ ұсынбақпыз.

18 қаңтар күні Ақтөбе облысында жолаушылар автобусы өртеніп кетті. Оқиға салдарынан 52 адам қайтыс болған. Олардың барлығы Өзбекстан азаматтары болып шықты. Өрт бір жолаушының дәнекерлейтін лампаны құлатып алғаны нәтижесінде басталған.

Лампа жанармай болған бөтелке үстіне құлап, артынан автобус өрте оранды. Оқыс оқиғада жүргізуші мен екі жолаушы аман қалған. Олар көліктен шығып үлгерген.

Фото: Sputnik Қазақстан
Фото: Sputnik Қазақстан: Facebook

Іс бойынша үш автобус жүргізушісіне де үкім шықты. Олар бес жылға бас бостандығынан, ал көлік жүргізу құқығынан жеті жылға айырылды. Компания басшысы мен автобусты жөндеуден өткізетін механик үш жыл алты айға темір торға тоғытылды.

Марқұмдардың туыстарына сотталушылар екі миллион теңге көлемінде моральдік шығын өтеуі тиіс.

фото: Polet.me
фото: Polet.me: Twitter

Жыл басында, 11-ші ақпан күні Мәскеуден Орск қаласына ұшып бара жатқан ұшақ апатты жағдайға ұшырады. АН-148 бортында 71 адам болған. Олардың ішінен ешкім тірі қалған жоқ.

Оған қоса, жерге құлаған ұшақ құрбандары арасында Қазақстан тумалары болған. Қызылорда облысында туылған әйел адам, ОҚО тумасы Сергей Панченко, ресейлік қазақ Тамерлан Ақназаров пен ақтөбелік Евгений Ильинов.

Кемероводағы өрт Фото: Vesti.Ru
Кемероводағы өрт Фото: Vesti.Ru: Twitter

Ұшақ апатынан кейін тағы да аса жантүршігерлік жағдай орын алды. Кемерово қаласындағы "Зимняя вишня" сауда орталығынан өрт шықты.

25 наурыз күні болған оқиғада 250 адам эвакуацияланған.

Тілсіз жау 64 адамның өмірін жалмады. Олардың ішінде көпшілігі балалар болған. Оған қоса, Қазақстан тумасы Мария Баранова да отбасымен қайғылы оқиғада қайтыс болған.

Томирис Байсафа Фото: әлеуметтік желілерден
Томирис Байсафа Фото: әлеуметтік желілерден: Facebook

Осы жылдың сәуір айында мәскеулік университет терезесінен қазақстандық студент қыз Томирис Байсафа құлап кетті.

Үшінші мамыр күні бойжеткеннің ауруханада көз жұмғаны белгілі болды. Оқиға бойынша қозғалған қылмыстық іс Ресейдің тергеу комитетінің жіті бақылауында.

Жас қыздың анасы оның өз-өзіне қол салмақ болғанына сенбейді.

Ескендір Сүлейменов пен Малика Мұхитова Коллаж: NUR.KZ. Фото: NUR.KZ және жеке мұрағаттан
Ескендір Сүлейменов пен Малика Мұхитова Коллаж: NUR.KZ. Фото: NUR.KZ және жеке мұрағаттан: Facebook

2018 жылдың 22 маусымында Астанада жантүршігерлік жол апаты болды. Мотоцикл тізгіндеген жігіт солға бұрылып бара жатқан көлікке соқтығысып, ауыр жарақат салдарынан көз жұмған.

Марқұм танымал жазушы Олжас Сүлейменовтың немересі болып шықты. Азаматтың өмірін қыршынынан қиған жүргізуші Қызылорда облысының полиция департаменті басшысының қызы Малика Мұхитова екені анықталды.

Қараша айында сот Маликаны екі жылға бас бостандығынан айыру туралы шешім қабылданған. Оған қоса, ару бес жылға көлік айдау құқығынан айырылды.

Олжас Сүлейменов өз кезегінде сотқа хат жолдап, айыпталушы қызды темір торға тоғытпауын сұрады. Ол марқұм отбасының алған әсерін балалы болғанда біледі деген. Алайда, танымал жазушы бұл хатты жазғаны үшін өкініп қалғанын айтты.

Денис Тен. Фото: Хабар 24
Денис Тен. Фото: Хабар 24: Twitter

19 шілде күні елді дүрсілкіндірген оқиға орын алды. Дәл осы күні Қазақстан мақтанышы мен танымал мәнерлеп сырғанаушысы Денис Тенді өлтіріп кетті.

Жас спортшы кафеде отырған жерінен әлдекімдердің оның көлігінің айнасын ұрлап жатқанын байқап қалады. Оларды қуалап жеткен Денис бұзақылармен төбелесіп қалған. Оның барысында ұрылардың бірі спортшыға пышақ сұғып алады.

Алған жарақаты салдарынан Денис Тен Алматыдағы ауруханада көз жұмды. Елді дүр сілкіндірген оқиғада күдікті деп Нұралы Қиясов, Арман Құдайбергенов пен Жанар Толыбаева тұтқындалды.

Бүгінде оларға қатысты сот ісі жүріп жатыр.

Фото: politeka.net
Фото: politeka.net: Facebook

Қазан айында Керчь политехникалық колледжінде білім алған 18 жастағы Владислав Росляков студенттерге оқ жаудырған болатын.

Жас жігіт 20 адамды өлтіріп тастаған. Сонымен қатар, елу шақты адамды жарақаттап кеткен. Ол қаруды колледжге өзі алып келгені белгілі болды. Ісін жасап болған соң, Владимир бомба жарып, өзін атып жіберген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1771041-denis-ten-men-tomiris-bajsafany-limi-2018-zyly-kandaj-kajgyly-zagdajlar-oryn-aldy.html