RU
Қазақстандық спортшы канадалық жанкүйерлердің қошеметіне бөленді (видео)

Қазақстандық спортшы канадалық жанкүйерлердің қошеметіне бөленді (видео)

Рассказать Вконтакте

Канадада өткен жастар арасындағы Әлем чемпионатында Қазақстан мен Финляндия құрамалары арасындағы матчта отандық қақпашы Демид Еремеев жанкүйерлер ықыласына бөленді. Ол ойын барысында бес шайба жіберіп алғанымен, 51 рет қақпасын аман алып қалған. Ал қақпашының әрбір сейвін канадалық көрермендер шапалақпен қолдап отырған деп хабарлайды sports.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: sports.kz

Фото: sports.kz

Қазақстан мен Финляндия құрамаларының арасындағы кездесу 0:5 есебімен аяқталғанымен, матчтың үздік ойыншысы Демид Еремеев атанған.

Оның өз қақпасын бар күшін салып қорғағанын тек төрешілер ғана емес, мұз аренасына жиналған халық та бағалапты.

Өйткені, канадалық жанкүйерлер қазақстандық спортшыға тоқтаусыз шапалақ ұрып, қолдау білдірген.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
0
1
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel