RU
2018-шы жылдың соңғы отырысында Сағынтаев министрлер жұмысын сынға алды

2018-шы жылдың соңғы отырысында Сағынтаев министрлер жұмысын сынға алды

Рассказать Вконтакте

Қазақстанның премьер-министрі 2018-ші жылдың соңғы үкімет отырысында Бақытжан Сағынтаев баяндама жасаушыларды сынға алды деп жазады Sputnik Қазақстан агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

24.kz

Фото:24.kz

Министрлер кабинетінің басшысы әртүрлі саладағы еңбек өнімділігіне қатысты баяндама жасаған спикерлердің жауаптарына көңілі толмады.

"Құрметті, әріптестер. Баяндама жасаған кезде себептерді дұрыс түсіндіріңдер. Біреулер еңбек өнімділігін бағалау әдісі кінәлі десе, екіншілерің Өзбекстан азаматтарын кінәлап отырсыңдар. Онда сендердің жұмыстарың не? Жыл сайын біз шеттен жұмыс күшін тартамыз. Сонда жыл сайын оларды кінәлаймыз ба?", - деп ашуланды Сағынтаев.

Премьер-министр баяндаманың мазмұнын білуді талап етті. Сағынтаев Елбасының аймақтардағы еңбек өнімділігіне қатысты рейтингін құрастыруды тапсырғанын еске салды.

"Күнделікті сіздер индустриализациялау аясында жаңа зауыттар мен фабрикаларды іске қосасыңдар. Неге олар еңбек өнімділігін арттыруға әсер етпейді? Неге жүйелік жұмыс атқарылмайды? Онда зауыттарды не үшін ашып жатырсыздар?", - деп сұрады премьер-министр.

Үкімет отырысында индустрия мен инфрақұрылымдық даму министрі Жеңіс Қасымбек металлургия саласында еңбек өнімділігінің төмендегенін хабарлады. Бұл өңдеу өнеркәсібінде теріс серпін тудырған.

Министрдің айтуынша, себеп негізгі металлдардың бағасы төмендеуі екен. Отырыс соңында премьер-министр жиналғандарды келе жатқан жаңа жылмен құттықтап, Елбасының тапсырмаларын орындауды тапсырды.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
1
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel