RU
Балғынбек Имаш қазақ қыздарының ерсі әрекеттеріне жігіттерді кінәлады
Жаңалықтар Қоғам

Балғынбек Имаш қазақ қыздарының ерсі әрекеттеріне жігіттерді кінәлады

Рассказать Вконтакте

Балғынбек Имаш қазақ қыздарының ерсі әрекеттерге баруына ерлер қауымы кінәлі екенін айтты. Белгілі ақын Байзақова мен желіде төсін ашып танылған Шырын Нарчаеваға қатысты да өз ойын жеткізген. Ол атышулы аруларды сынға алып, бірақ бір суретін қалт жібермей лүпіл қоятын жігіттерге шүйлікті деп жазады NUR.KZ.

Соңғы кездері желіде қызу талқыланып жатқан ашық киінетін қыздар мәселесіне қатысты жеке пікірін айтыскер өзінің Instagram парақшасында жариялаған.

Алайда, көпшілік іспетті Балғынбек Имаш атышулы бойжеткендерді емес, біріншіден оларға "сілекейі шұбырып" жүрген азаматтарды сынға алды.

"Әрине, Біз өзіміз, еркектер кінәліміз. Баласын әжетханаға, қоқысқа, көшеге тастаған қыздарды сөгеміз. Ал оның аяғын ауыр қылған жігіттерді ше? Арақ ішкен, шылым шеккен, жалаңаштанған, боқтап сөйлейтін, ұлтын қорлайтын, арын сататын қыздың бәрі жетім бе? Ата қайда? Әке қайда? Аға мен іні, нағашы мен жиен қайда? Неге қамқор болмайды? Неге тыйым салмайды? Жетім болса, туысы қайда? Тірі жетім болса, әкесі неге тастайды?
Маған көп әйелдер көмек сұрап хабарласады. "Күйеуіңіз қайда" десем, "тастап кеткен" дейді. Үш, төрт, бес, алты баласымен тастап кеткен. Мүгедек баласымен тастап кеткен. Кілең қыз тудың деп тастап кеткен. Несие алғызып, тастап кететін күйеулер де бар екен. Өзіміздің қазақтың жігіттері. Жігіт деуге бола ма ондайларды
Неге осыншалық рухани құлдырадық? Айжан қайдан шықты? Шырын қайдан шықты? Қазақтың қыздары ғой. Өз қарындастарымыз, өз қыздарымыз емес пе? Ия, намысты боп көрініп, "ұятсыз, оңбаған" деп қарғап-сілеу, пікір жазу оңай. Ал соны тамашалап, парақшасына жазылып, лайк басып, сілекейі шұбырып "қолымызға бір түссең" деп нәпсісі қозып отырған кімдер екен? Өзіміздің отандастар ғой?! 100 мыңнан астам адам жазылып алса, олар кінәлі емес пе? Сұраныс солардан ғой.
Есі дұрыс, есті еркектер болса, әуелі өзімізді тиялық, сосын көзімізді тиялық, сосын өзгені жерден ап, жерге салған сөзімізді тиялық. Сосын әпке-қарындас, әйелдерімізді, қыздарымызды, әрбір қаракөздерімізді қызғанып, қорғайық. Сыртынан дұға жасайық! Еркегі намысты елдің, әйелі арсыздық жасамайды", - деп жазған Балғынбек Имаш.

Сіздің реакцияңыз
10
4
0
1
2
75
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel