RU

2018 жылы ел есінде қандай "қызық" оқиғаларымен қалды?

2018 жылы қазақстандықтар Өскеменде ер адам сәбилі болды деген оқиғаны естіп күлкіге кенелсе, енді бірі Шырын Нарчаеваның "ел түсінбейтін" әрекетін естіп, сынның астына алған еді. Осы орайда, NUR.KZ назарларыңызға ел есінде қалған "қызық" оқиғаларды ұсынады.

2018 жылы ел есінде қандай "қызық" оқиғалармен қалды?
2018 жылы ел есінде қандай "қызық" оқиғалармен қалды?: Instagram

Қазақстандықтар күні бүгінге дейін Өскеменде сәби босанған ер адамның "қызық оқиғасын" ауыздан тастамай айтып жүреді.

Кейін белгілі болғандай, аталмыш ақпарат жалған болып шыққан-ды. Дәрігерлер ер адамның ем картасын басқа бір әйел адамның картасымен алмастырып алып, осындай қызық жағдай орын алған еді.

Көрнекі фото: Ona-znaet.ru
Ona-znaet.ru: Instagram

Ел есінде қалған тағы бір қызық оқиға – Астанадағы Азамат есімді ер адамның Мадина атты бойжеткенге үйлену туралы ұсыныс жасауы болды.

Еске салсақ, белгісіз біреу елордадағы салынып жатқан тұрғын-үйлердің біріне "Мадина маған тұрмысқа шық" деген сипаттағы жазбаны орнатып, ерекше ұсыныс жасаған еді. Сол оқиғадан кейін Қазақстанның өзге де өңірлерінде қызық жазбалар пайда болып, көпшілікті таң қалдырған еді.

Фото: zakon.kz
Фото: zakon.kz: Facebook

Сүйіктісіне ерекше ұсыныс жасау жағынан астаналықтар алдына жан салмайтын сыңайлы. Естеріңізде болса күні кеше ғана 100 көлікпен сүйген аруына ұсыныс жасаған ер адамның ерекше әрекеті желіде қызу талқыға түскен еді.

Бір бүйрегін шымкенттік бойжеткенге берген ер адамның айрықша әрекеті де қоғамды бей-жай қалдырмаған еді.

Осы айрықша оқиғадан кейін қос жұп отау құрып, осы жылы нәрестелі болған-ды.

Фото: halyq-arna.kz
Фото: halyq-arna.kz: Facebook

Өзінен 14 жас кіші жігітке тұрмысқа шыққан қос жұптың махаббат хикаясы да көпті таң қалдырған еді.

Бүгінде шымкенттік отбасының айрықша оқиғасы да ел аузында.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: UGC

Ал жыл соңында төсін жалаңаштап, желіге сурет жүктеген Шырын Нарчаеваның әрекеті болса күні бүгінге дейін көпшіліктің қызу талқысына түсуде.

Аталмыш оқиғаға қатысты да қоғамдық пікір қақ жарылған-ды. Десе де көпшілік бойжеткеннің "ел түсінбейтін" әрекетін әлі күнге дейін сынға алуда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1771081-2018-zyly-el-esinde-kandaj-kyzyk-okigalarymen-kaldy.html