RU
Фермер қорасының астынан жыланның ордасын тапты

Фермер қорасының астынан жыланның ордасын тапты

Рассказать Вконтакте

АҚШ-тың Техас штатында Бобби Коуэн есімді фермер ауласындағы қораны кранмен көтеріп, астынан улы жыландардың ордасын анықтаған. Бұл туралы life.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

politeka.net

Көрнекі фото:politeka.net

Қораны кранмен көтерген фермер астынан 30-ға жуық жыланды көрген.

"Біз шошып кеттік. Қораны көтердік те, қайтадан орнына қоя салдық. Онда өте көп жылан болды", - деді Бобби Коуэн.

Алғашқы үрейлері басылғаннан кейін азаматтар қораны қайтадан көтеріп, көріністі видеоға түсіріп алған.

Коуэннің жұбайы видеоны Фейсбук желісіне жүктеген.

Бұл видео жылдам таралып, 3,2 миллион қаралым жинаған.

Желі қолданушылары әртүрлі пікір білдірген.

"Олардан қалай құтылдың? Өне-бойым тітіркеніп кетті ғой", "Мұнау рас па? Мен бәрін өртеп жіберер едім" деп жазды желі қолданушылары.

Алайда фермерлер мейірімді болып шықты. Олар таяқ пен шелектің көмегімен жыландарды елсіз жерге апарып тастады.

Сіздің реакцияңыз
0
4
7
1
1
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel