RU
2018 жылдың ең хас сұлулары анықталды
Жаңалықтар Калейдоскоп

2018 жылдың ең хас сұлулары анықталды

Рассказать Вконтакте

TC Candler сайты тәуелсіз сарапшылармен бірлесе ең сұлу 100 арудың тізімін жасады. Бұған дейін әнші Димаш Құдайберген ең сымбатты 100 ер азаматтың қатарына енген деп жазады NUR.KZ.

Коллаж:instagram.

Коллаж:instagram

Үздік 100-ке түрлі салада еңбектеніп жүрген әлемдік модельдер, актрисалар, әншілер, споршы қыздар, блогерлер енген.

Сарапшылар бірінші орынды франциялық ару Тилан Блондоға берген. Бойжеткен 17 жаста. Ол - фотомодель және актриса.

Халықаралық рейтингтің екінші орнына тайваньдық актриса және модель Тзуя орналасқан.

Үшінші орынға израилдық модель Яэль Шелбиа жайғасты.

Өткен жылдың жеңімпазы актриса Лиза Соберано бұл жолы төртінші орынға шегініпті.

Ұйымдастырушылар санауды 100-ші орыннан бастаған.

100-ші орынға британдық актриса Кира Найтли орналасқан.

Тізімнен Ариана Гранде, Селена Гомес, Алисия Викандер, Натали Портман, Эмма Уотсон және тағы басқа танымал тұлғаларды көруге болады.

Қазақстандық арулар тізімге енбепті.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel