RU
Ақтауда көлік ұрлағандарды 15 полиция экипажы қуған (фото, видео)

Ақтауда көлік ұрлағандарды 15 полиция экипажы қуған (фото, видео)

Рассказать Вконтакте

Ақтауда көлік ұрыларын ұстау үшін 15 қызметтік көлік қатысқан деп хабарлайды Лада сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Оқиға орнынан фото: Lada

Оқиға орнынан фото: Lada

29 желтоқсан күні жергілікті тұрғынның Lada Priora көлігін ұрлаған. Көлік иесі туыстарының ауласына қойып кеткеннен кейін, жоғалған машинасын 90 минуттан соң тапқан.

Оқиға орнынан фото: Lada

Оқиға орнынан фото: Lada

Әйел тез арада полицияға хабар берген.

15 минуттан соң үш қылмыскерді ұстаған. Көлік ұрылары Ақтау қаласының екінші ықшам ауданына кіріп шыға алмай қалған, жол сақшылары сол жерде қылмыскерлерді құрықтапты.

"Жол полициясының барлық құрамы ұрыларды ұстауға қатысқандай болып көрінді. Бес минут ішінде олар маған келіп мән-жайды білді де, он минуттан соң көлік ұрыларын ұстады. Полиция қызметкерлері тәртіпті қадағалап, азаматтардың тыныштығына жауап беретіндігіне көзім жетті", - деді көліктің иесі.
Оқиға орнынан фото: Lada.kz

Оқиға орнынан фото: Lada.kz

Сондай-ақ қылмыскерлерді ұстауға атсалысқандардың барлығына алғысын айтты.

Жол полициясы барлық қылмыскерлер ұстап, қалалық ішкі істер бөліміне тапсырылғанын хабарлады. Көлік ұрылары басқа өңірдің азаматтары болып шыққан. Оларға қатысты тергеу жұмыстары басталды.

Сіздің реакцияңыз
2
0
1
0
0
2
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel