RU
Осы жылы ауыл кәсіпкерлігін қолдауға 50 млрд теңге бөлінді
Жаңалықтар Пресс-релизы

Осы жылы ауыл кәсіпкерлігін қолдауға 50 млрд теңге бөлінді

Рассказать Вконтакте

"Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" АҚ арқылы 2018 жылы ауыл кәсіпкерлігін қолдауға 50 млрд теңге сомасына 10 мыңнан астам несиелер берілді. Несиелеудің негізгі бөлігі етті мал шаруашылығын мен ауылдағы кәсіптің басқа түрлеріне бағытталды.

Осы жылы ауыл кәсіпкерлігін қолдауға 50 млрд теңге бөлінді

Осы жылы ауыл кәсіпкерлігін қолдауға 50 млрд теңге бөлінді

Бүгінде Қордың несие қоржыны 124,8 млрд теңгені құрайды. Бұл көрсеткіш соңғы үш жылда бір жарым еседен астам өсті.

"Сыбаға" бағдарламасын іске асыру

Ауыл шаруашылығы министрлігі бизнеспен бірлесіп саланың экспорттық әлеуетін арттыру үшін Етті мал шаруашылығын дамытудың 2018-2027 жылдарға арналған бағдарламасын әзірледі.

"Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры "АҚ бұл бағдарламаға "Сыбаға" несиелік өнім бойынша шаруаларды қаржыландыру арқылы қатысады. Қарыздың ең жоғары сомасы 70 млн теңгені құрайды, несиелеу мерзімі – 15 жылға дейін болады. Сыйақы мөлшерлемесі жылдық 4 пайызды құраса (субсидиялауды есепке алғанда), тиімді мөлшерлеме - жылдық 4,1% - дан басталады.

"Сыбаға" бағдарламасының артықшылықтарының маңызды факторы - несие қаражаты есебінен сатып алынатын малды кепілге алу болып табылады. Мысалы, кепілдік сомасының 75 пайызына дейн алынатын тұқымдық (асыл тұқымды) малды қоюға болады. Жыл соңына қарай кепілдік шарттар жеңілдетіліп, енді кепіл сомасынан 50% - ға дейін тауарлы мал да қабылданатын болды.

Биыл "Сыбаға" бағдарламасы бойынша қор 15,4 млрд теңгеге 673 шаруашылықты қаржыландырды. Жалпы алғанда, осы жылдың жобаларын іске асыру нәтижесінде елге 23,5 мыңнан астам бас асыл тұқымды ірі қара мал әкелінеді, сондай-ақ 74,9 мың бас ұсақ мал сатып алынады.

Қараша айынан бастап еліміздің аймақтарына импорттық асыл тұқымды ірі қара малы әкелініп жатыр. Негізінен, Ресей Федерациясының көршілес аймақтарынан герефорд, ангус, симментал және қазақтың ақ бас тұқымдары сатып алаынуда. Карантиндік іс-шаралардан кейін мал қазақстандық шаруашылықтарға түседі. Бірінші төлдеу ерте көктемде күтіледі. Белгілі бір салмаққа дейін жеткізілген төл экспортқа бағытталған бордақылау алаңдарына тапсырылатын болады.

Жеңілдетілен қаржыландырумен өатар "Сыбаға" бағдарламасына қатысушылар мемлекеттік субсидиялауға қол жеткізе алады. Бұл-импортталған асыл тұқымды малдың әрбір басына 225 мың теңге, бордақылау алаңдарына жас малды тапсыру кезінде тірі салмақтың әрбір келісіне 200 теңгеден, сондай-ақ пайыздық мөлшерлеменің жылдық 14% - дан 4% - ға дейін төмендетуге бағытталған субсидиялар.

Осы жылы ауыл кәсіпкерлігін қолдауға 50 млрд теңге бөлінді

Осы жылы ауыл кәсіпкерлігін қолдауға 50 млрд теңге бөлінді

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту

Елді әлеуметтік жаңғыртуға бағытталған бес бастаманың ішінде Қазақстан Президенті шағын несиелендіруді кеңейту мәселесін атап өтті. Мемлекет басшысы шағын несиелендіруді өткен жылмен салыстырғанда 20 млрд теңгеге арттыруды тапсырды. Осылайша, шағын несиелендіруге бағытталған қаражаттың жалпы сомасы жылына 62 млрд теңгені құрады.

Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының екінші бағыты бойынша ауыл тұрғындары мен ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне шағын несие беруді жүзеге асырады. Шағын несиелер ауылдық жерлерде өз ісін ұйымдастыру немесе кеңейтуге арналады. Ағымдағы жылы аталған мақсатқа 30 млрд теңге бөлінді. Салыстыру үшін, өткен жылы бағдарлама аясында қаржыландыру 16,6 млрд теңгені құраған.

Бағдарлама есебінен несиелер жылдық 6% сыйақы мөлшерлемесімен берілед, тиімді сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 6,7% - дан аспайды. Несие өніміне байланысты кезең, сома, жеңілдік кезеңінің ұзақтығы өзгереді.

Егер мақсатты бағыттарға тоқталар болсақ, "Сыбаға" несиелеу бағдарламасынан басқа, ауыл шаруашылығы мал мен құсты сатып алуға "Игілік" бағдарламасы, ауыл кәсібінің барлық түрлерін ұйымдастыруға және кеңейтуге "Кәсіпкер" бағдарламасы, көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге "Егінжай" бағдарламасы жұмыс істейді.

Жалпы, Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлік бағдарламасы аясында 2018 жылы Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры арқылы 9 мыңнан астам ауыл кәсіпкері жалпы сомасы 32,6 млрд. теңгеге шағын несие алды (оның ішінде 2,6 млрд. теңге – бұрын берілген қарыздар бойынша қайта инвестицияланған қаражат).

Оның 60 % -дан астамы - "Атамекен" Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасы жүзеге асыратын және ауыл тұрғындарын кәсіпкерлік негіздеріне оқытуға бағытталған «Бастау» жобасының түлектері. Бұдан басқа, несиелік қаражаттың 85% - старт-ап жобаларын іске асыруға (1 жылға дейін), тағы 10% - ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге (3 жылға дейін) бағытталды.

Қарқынды алма бақтары

Қор қызметінің тағы бір бағыты 2015 жылы басталған қарқынды бау-бақша шаруашылығын қаржыландыру болып табылады. Қарқынды бақтардың негізгі ерекшелігі жеміс ағаштарын өсірудің қазіргі заманғы технологияларын пайдалануда, өнімділікті арттыруда, нәтижесінде алманың өзіндік құнын төмендетуде болып табылады.

Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарында отбасылық үлгідегі қарқынды алма бақтарын салу бойынша жобаларды іске асыруда.

5 гектар алаңды бақтар қордың қаржыландыруымен салынып, ауыл тұрғындарына лизингке беріледі. Лизингтің шарттары келесі: мерзімі - 10 жылға дейін, қаржыландыру мөлшерлемесі - жылдық 6%, жылдық тиімді мөлшерлеме - 6,7% дейін, жеңілдік кезеңі 3 жылға дейін. Инвестициялық шығындардың бір бөлігін мемлекет субсидиялайды.

Бау-бақшаны құруда 2-3 жылға жеміс беретін және пайда әкелетін қысқа көшеттердің элиталық сорттары қолданылады; суды, тыңайтқыштарды, энергия мен адам ресурстарын үнемдеуге мүмкіндік беретін тамшылатып суару жүйесі салынады; бақшаның дұрыс қалыптасуын және оның желге тұрақтылығын қамтамасыз ететін тірек-шпалерлік жүйе мен бұршақ пен күн күюінен қорғау торы орнатылады; заманауи техника мен жаңа агротехнологиялар пайдаланылады.

4-5 жылға толық қуатқа шыққан кезде мұндай бақшаның өнімділігі әр гектардан 50-60 тоннаны құрайтын болады.

Сіздің реакцияңыз
4
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel