Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Төсін жалаңаштаған ару өзін елден қууды талап еткен журналиске жауап берді (видео)

Опубликовано:

Желіде сәукеле киіп, төсін жалаңаштаған ару өзін жазаға тартуды ұсынған журналиске жауап берді. Бибігүл Дәулетбекқызы атышулы бойжеткенді елден қууды талап еткен деп жазады NUR.KZ.

Шырын Нарчаева өзіне қарсы шыққан журналиске Instagram арқылы видео үндеу жолдаған. Бейнежазбада ол өзін сөккен әйелді сынап тастайды.

"Орын алған жағдайға қарап, мен бір нәрсе айтқым келеді. Аса танымал емес журналист бар болғаны өзінің атағын шығаруды мақсат етуде. Сол үшін біреу жайлы ойыңыз бен оған тағар кінәңізді жазбас бұрын, ол адамның шын мәнінде қандай екенін біліп алған жөн. Жоқ дегенде оның парақшасын бір қарап, не жазып жүргенін қарау керек.
Мәселен, қалайша маған ұлтараздықты тудырды деп кінә тағуға болады. Бірнеше күн бұрын ғана ұлт ұлтқа бөлінуді құптамайтынымды айтқан едім. Бұл біріншіден, ал екіншіден мен бұл видеоны барша қазақтарға арнаған жоқпын. Тек мені сынға алып, қоқан-лоққы көрсеткендерге жолдадым. Біліп алып, сөйлеңіз" , - деді бойжеткен.

Айта кетейік, бұған дейін сәукеле киіп, шешінген қазақ қызы халықтың ызасын тудырған. Өзіне жаудырылған кері пікірлер салдарынан ару қоқан-лоққыға тап болып, желіге көзіне жас алған видеосын жүктеген еді.

Бойжеткенді белгілі журналист Бибігүл Дәулетбекқызы сынға алып, оның елден қуылуын талап еткен еді.

Оның үндеуін отандық әнші Асхат Тарғын да қосылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1771108-tsin-zalaastagan-aru-zin-elden-kuudy-talap-etken-zurnaliske-zauap-berdi-video/

pixel