RU
Путин Назарбаевты Жаңа жылмен құттықтады

Путин Назарбаевты Жаңа жылмен құттықтады

Рассказать Вконтакте

Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті деп хабарлайды Ақорда.

Sputnik / Михаил Климентьев

Sputnik / Михаил Климентьев

Мемлекет басшылары әңгімелесу барысында екі жақты ынтымақтастықтың 2018 жылғы нәтижелерін қорытындылап, Қазақстан мен Ресей арасындағы түрлі бағыттағы байланыстардың оң қарқынмен дамып келе жатқанын атап өтті.

Президенттер күн тәртібіндегі өңірлік және халықаралық өзекті мәселелерді, соның ішінде Ресей мен Украина арасындағы қарым-қатынастың қазіргі ахуалын талқылады.

Елдер көшбасшылары бір-бірін келе жатқан Жаңа жылмен құттықтап, Қазақстан мен Ресей халықтарына бейбіт өмір мен бақ-береке тіледі.

Телефон арқылы сөйлесуге Ресей жағы бастамашы болды.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel