RU
Пойызда құнды затын ұмытып кеткен өскемендік тұрғындар оны қайта тауып алды (фото)

Пойызда құнды затын ұмытып кеткен өскемендік тұрғындар оны қайта тауып алды (фото)

Рассказать Вконтакте

Өскеменнен Астанаға қарай бет алған пойызда қызық оқиға орын алды. Ерлі-зайыптылар немересіне сый ретінде отбасылық мұра саналған домбыраны апара жатқан. Алайда, вагоннан асығыс түскен олар аса құнды музыкалық аспапты пойызда ұмытып кеткен деп жазады NUR.KZ.

Фото: kazakh-tv.kz

Фото: kazakh-tv.kz

Бөтен отбасының қалдырып кеткен құнды затын олардың вагондағы көршілері тауып алған. Музыкалық аспаптың иелерін табу үшін олар Facebook-тегі "Астана, хочу похвалить / пожаловаться" парақшасына жүгінген.

Әлеуметтік желіде жарияланған мәлімдемеде зейнеткерлердің отбасылық мұра саналып келген домбыраны ұмытып кетуге қорыққандарын айтылды. Анықталғандай, олар асығыс күйде пойыздан түскен кезде музыкалық аспапты вагонда тастап кеткен.

Ал зейнеткерлердің вагондағы көршілері олардың қашан және қай бағытта шығып кеткенін байқамай қалған.

Зейнеткерлермен бірге жолға шыққан адамдар домбыраны өзімен алып кетіп, оның иелерін таппақ болған.

Желіде белсенді түрде таралған оқиға жайлы көпшілік біле бастады. Іздестіру жұмыстарына "Жолаушылар тасымалы" мекемесінің қызметкерлерін де жұмылдырған. Нәтижесінде, олар домбыраны тастап кеткен отбасыны тауып, олармен байланысқа шықты.

"Жолаушылар табылды. Домбыраны алып кеткен адамның нөмірін бердік. Бәрі бір-бірімен хабарласты. Көмектесуге әрдайым әзірміз. Келе жатқан жаңа жылдарыңызбен" , - деген жазба қалдырған "Жолаушылар тасымалы" мекемесінің қызметкерлері.

Сіздің реакцияңыз
2
0
0
0
0
8
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel