RU

30.12.«Ине шаншар орын жоқ»: астаналықтар азық-түлік дүкендерінің астан-кестенін шығарды

Астаналықтар кешелі бері қаладағы сауда дүкендерін торуылдап, жаңа жылға азық-түлік сатып алып әлек. Қаладағы сауда орталықтарында ине шаншар жер жоқ деп хабарлайды NUR.KZ.

Астанада жаңа жылға дайындық қызу жүріп жатыр. Жаңа жылдық дастарханға азық-түлік алмақ болған қала тұрғындары кешелі бері сауда дүкендерін аралауда.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Facebook

Қаладағы сауда дүкендерінде ине шаншар жоқ.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Facebook

Сауда дүкендерінде тұрғындардың көп жиналғаны соншалық, азық-түліктің кей түрлерін халық тіпті түгін қалдырмай талап әкеткен.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Facebook

Қала тұрғындары тіпті қараусыз жатқан көкөністер мен жемістерді де әкетуге әзір.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Facebook

Ұзын-сонар кезектер әсіресе сауда дүкендерінің кассасы маңында шоғырланған. Онда астаналықтар сағаттап кезек күтіп тұр.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Facebook
"Былтыр дәл осындай жағдай болған. 31 күні бір-бірімізбен төбелесуге дейін барып, кассаға кезекті сағаттап күткен едік. Биыл қалай да соңғы күнге қалмаймын десек те, тағы осылай болып тұр. Кезекте тұрғаныма жарты сағаттан астам уақыт болды", - дейді қала тұрғындарының бірі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1771158-3012ine-sansar-oryn-zok-astanalyktar-azyk-tlik-dkenderini-astan-kestenin-sygardy.html