RU
Су басқан көшелер мен «сұрапыл» жел: биылғы жыл астаналықтарға несімен есте қалды? (фото, видео)
Жаңалықтар Қоғам

Су басқан көшелер мен «сұрапыл» жел: биылғы жыл астаналықтарға несімен есте қалды? (фото, видео)

Рассказать Вконтакте

Астаналықтар үшін биылғы жыл тосын оқиғаларға толы болды. Жыл басында бас қалада -40 градусты құрайтын ауа температурасы апталап тұрып алса, жаз ортасында күшті жел болып, қаладағы бірқатар нысандардың қабырғалары "ойылып" еді. Ал бастысы Астана биыл 20 жылдығын атап өтіп, шаһар әкімін ауыстырып үлгерді. Осыған орай, NUR.KZ назарларыңызға астаналықтардың есінде қалған айрықша оқиғалар тізімін ұсынады.

Коллаж: NUR.KZ

Коллаж: NUR.KZ

Астаналықтарды жыл басындағы қыс әбден әуре-сарсаңға түсірген еді. Қаңтар айында болған саршұнақ аяз былтыр елордада апталап тұрып алған еді.

Сондай-ақ, қалаға биыл көктем де әдеттегіден кеш келіп, маусым айында қар жауып, айды аспаннан бір-ақ шығарған еді.

Ал, жаз айында күшті жел мен дауыл соғып, қаланың бірқатар нысандарының шатырын жұлып әкеткен еді.

Бұдан бөлек тамыз айында болған қатты нөсерден қала көшелерін су басып, Астана екінші Венецияға айналған еді. Қала тұрғындары толассыз жауған жаңбырдың кесірінен автобус ішіне енген суды әлі күнге дейін еске алады.

Десе де, табиғаттың тосын сыйынан бөлек қалада бірқатар жағымды жаңалықтар орын алды. Елордалықтар әсіресе биыл қаланың 20 жылдығын ерекше сән-салтанатпен атап өтті.

Осыған орай, жаз айларында Астананың кей аудандарында өңірлердің Астананың 20 жылдығына орай тарту етілген көптеген нысандардың тұсауы кесілді. Олардың барлығын дерлік мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев өзі ашқан еді.

Ал, бастысы елорда – қаланың бұрынғы әкімі Әсет Исекешов жаңа қызметке шығарып салған еді. Астаналықтар сондай-ақ, қаланың қазіргі әкімі Бақыт Сұлтановтың да шаһар әкімі қызметіне келу жаңалығын да таңданыспен қарсы алған-ды.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
2
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel