RU
Той алдында төсін үлкейткен семейлік аруды күйеу жігіті тастап кетті
Жаңалықтар Қоғам

Той алдында төсін үлкейткен семейлік аруды күйеу жігіті тастап кетті

Рассказать Вконтакте

Сүйген жігітіне "жағамын" деп, төсін үлкейткен семейлік ару өз бақытынан қалай айырылып қалғанын айтып берді. Бойжеткеннің ота жасатқанын білген күйеу жігіт оны сол әрекетінен кейін тастап кеткен деп жазады NUR.KZ.

Көрнекі фото: Sputnik Тәжікстан

Көрнекі фото: Sputnik Тәжікстан

Семейлік Жадыра (авт.аты-жөні өзгертілді) есімді бойжеткеннің айтуынша, оқиға биыл жазда орын алған екен.

Той алдында төсін үлкейткен ару ойланбай жасалған әрекеті үшін өмір бойы өкініп өтетінін айтты.

"Бұрынғы жігітіммен қаладағы мейрамханалардың бірінде таныстық. Бір көргеннен бір-бірімізді ұнататынымызды біліп, қыз бен жігіт болып екі жылдай жүрдік.

Сосын университеттің төртінші курсында ол маған үйленейік деп ұсыныс жасады. Сөйтіп, мен келісімімді беріп, биыл күзде үйленетін болып шештік.

Осылайша, тойдың қамы бар әрі өзім де қыдырып қайтайын деп жазда Алматыға барған едім. Алматыда әкемнің туған әпкесі бар.

Ол кісі омырауға ота жасайтын білікті маман, өзін мойындата білген үлкен дәрігер деп айтсам, қателеспеспін. Әпкем бір жағынан мені ойлап, екінші жағынан денсаулығыма да еш зиян келмейді деп сендіріп, төсімді үлкейтетін ота жасауға көндірді.

Тіпті үйдегі әке-шешеме айтпаймыз деп уәделескен едік. Сөйтіп бас-аяғы бір аптаның ішінде жасалатын ота жасалып, сымбатты қыз болып шыға келдім.

Бірақ бұл қуанышым ұзаққа бармады.

Елге қайтып, сүйіктіммен кездескенім сол еді, ол мендегі әлгіндей "өзгерісті" байқап, бірден шу шығарды.

Жай ғана айқай емес балағаттап, айтпайтын сөзді айтып, менен теріс айналатынын айтты.

Осылай, омырауымға ота жасатамын деп, қолда бар бағымнан айырылдым, қазақша айтқанда "артық қыламын деп, тыртық қылдым", - дейді бойжеткен.

Бүгінде ару жоғары оқу орнын тәмамдап, Астанаға келген. Оның ендігі мақсаты – қызметтік мансапта биіктен көрініп, табысты әйел атану.

"Сол оқиғадан кейін өмірімнің күл-талқаны шықты десем артық айтпаспын. Той болады деп туыстарға айтқанбыз, олар да сыртымнан сөгіп, ғайбаттаумен болды. Жанымда жүрген құрбыларыммен де ара-қатынасым өзгерді.

Қиыны, осы оқиға үшін әпкем әлі күнге дейін өзін кінәлайды. Бірақ мен әпкеме ренжіген емеспін.

Егер бұрынғы жігітім мені осылай қабылдай алмаса, демек ол мені сүйген емес.

Әрине, бұлай ойланбай жасаған әрекетіме өкінемін, бірақ менен теріс айналатындай соншалықты қиын жағдай деп ойламаймын.

Сондықтан әзірге тұрмыс құру ойымда жоқ. Қазір мүмкін осы мақаланы оқып, мені тағы да балағаттап отырған шығар. Бірақ менің арым оның алдында таза.

Мансап қуып, жұмысымда өз мақсатыма жетсем екен деймін. Туыстарымның алдында қарабет болған ата-анама жағдай жасасам деймін", - деп сөзін аяқтады ол
Сіздің реакцияңыз
43
8
5
23
4
13
4
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel