RU
30-шы желтоқсанға арналған ауа райы болжамы: Қатты жел мен көктайғақ болмақ
Жаңалықтар Қоғам

30-шы желтоқсанға арналған ауа райы болжамы: Қатты жел мен көктайғақ болмақ

Рассказать Вконтакте

Бүгінгі күнгі ауа райы тұрақсыз болмақ. Қазақстандықтарды қатты жел, тұман мен көк тайғақ күтуде деп хабарлайды "Қазгидрометке" сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: bnews.kz

Фото: bnews.kz

Жамбыл облысында желдің уытқуы секундына 15-20 шақырымды, кейде 23-28 м/с-ті құрауы мүмкін. Оған қоса, тұман мен көк тайғақ болмақ.

Түркістандықтарды секундына 25 метрді құрайтын қатты жел мен көктайғақ және боран күтуде.

ШҚО тұрғындарын бұрқасын мен қатты жел болады деп алдын ала ескерткен. Жәрмін ауданында жел жылдамдығы секундына 25 метрге жетпек.

Алматы облысын тұман басады.

Ал, Ақмола, Қостанай, Павлодар облыстары және СҚО-да тұман болып, қатты жел мен бұрқасын орын алмақ. Аталған өңір тұрғындарына көк тайғаққа да дайын болу керек.

Аса қатты жел қарағандылықтарды күтуде. Тұман мен көктайғақ Қызылорда мен Маңғыстау облыстарында болып өтуі мүмкін. БҚО мен ақтөбеліктерді тұман күтуде.

Сіздің реакцияңыз
1
3
0
1
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel