RU
Болгарияда Астана көшесі пайда болды

Болгарияда Астана көшесі пайда болды

Рассказать Вконтакте

Болгарияның елордасы София қаласында "Астана" көшесі пайда болды. Ол бас қаланың орталығында, "Болгария" көшесінің маңында орналасқан деп хабарлайды "Қазақпаратқа" сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: arrivo.ru

Фото: arrivo.ru

Cофияның әкім орынбасары Дончо Барбаловтың мәлімдеуінше, "Астана" көшесі қаланың ең әдемі жерінде орналасқан.

Көшенің ашылу салтанатында қазақстандық СІМ қызметкерлері, болгариялық парламент мүшелері, София қаласының әкімшілігі, футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Станимир Стоилов мен боксшы Кубрат Пулев қатысты.

Қазақстанның Болгариядағы дипмиссия басшысы Теміртай Избастин шараға келгендерге Астананың дамуы мен 20 жылдық тарихы жөнінде айтты.

Орлина Горанова есімді әнші салтанатты ашылу рәсімі барысында "Астана" әнін орындады.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
1
5
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel