RU
2019 жылы Алматы қалай өзгермек?
Жаңалықтар Қоғам

2019 жылы Алматы қалай өзгермек?

Рассказать Вконтакте

Алматының сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы келер жылы қандай көшелер жөндеу жұмыстарынан өтетінін мәлімдеді. Оған қоса, ол жоғары бордюрлар мен қаладағы арықтар мәселесіне тоқталып өтті деп жазады "Алматы" телеарнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: atameken.kz

Фото: atameken.kz

Алмасхан Ахмеджановтың айтуынша, 2019 жылға жоспарланып қойған қаладағы жөндеу жұмыстары жалғаса бермек.

Құрманғазы көшесінен 28 панфиловшылар паркіне дейінгі аралықтағы Достық даңғылына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады.

Оған қоса, Төле би көшесінің Панфилов пен Қалдаяқов көшелерінің аралығы жөндеуден өтпек.

Сонымен қатар, Алмасхан Ахмеджанов жоғары бордюрларға қатысты айтып өтті.

"Жоғары бордюрлар - тратуар элементі. Жаяу жүргіншілер жүретін жерлерде қиындық тудыратын барлық кедергілерден құтылуға тырысып жатырмыз. "Қала адамдар үшін" жобасына сәйкес, инфрақұрылым жаяу жүргіншілер үшін қолайлы болуы аса маңызды" , - деді Ахмеджанов.

Ал арық жүйесі басшының айтуынша, сол қалпында қалмақ. Адам көп шоғырланған жерлерде арықтардың беті қақпақпен жабылатын болады.

"Арықсыз Алматы - Алматы емес" , - деп қайырды ол.

Сіздің реакцияңыз
2
3
1
0
5
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel