RU
ШҚО-да қатты жел салдарынан ғимараттың төбесі ұшып кетті (фото)
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

ШҚО-да қатты жел салдарынан ғимараттың төбесі ұшып кетті (фото)

Рассказать Вконтакте

Бүгін, Шығыс Қазақстан облысында болған қатты жел екі ғимараттың шатырын ұшырды деп хабарлайды NUR.KZ.

Оқиға орнынан сурет, фото: ІІМ ТЖҚ

Оқиға орнынан сурет, фото: ІІМ ТЖҚ

Жарма ауданындағы желдің жылдамдығы 18 м/с жеткен.

Қапанбұлақ ауылындағы Хасенов атындағы орта мектеп ғимараты шатырының 200 шаршы метрі желдің әсерінен бүлінген.

Шар қаласында желдің салдары "Шығыс Қазақстан облысының мамандандырылған күзет қызметі басқармасының" ғимаратына да тиді. Онда 140 шаршы метр шатыр жарамай қалған.

Оқиға орнынан сурет, фото: ІІМ ТЖҚ

Оқиға орнынан сурет, фото: ІІМ ТЖҚ

Оқиғадан ешкім зардап шеккен жоқ.

Қатты желден болған шығын мөлшерін арнайы құрылған комиссия есептеуде.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel