RU
Алматыдағы актриса өлімі: Оқиға орнынан қашып кеткен көлік жүргізушісі тұтқындалды
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Алматыдағы актриса өлімі: Оқиға орнынан қашып кеткен көлік жүргізушісі тұтқындалды

Рассказать Вконтакте

29 желтоқсан күні орын алған жантүршігерлік жол апатына қатысы бар Mercedes Gelendvagen көлігінің жүргізушісі тұтқындалды. Ол отандық актриса Шолпан Елгезек қаза тапқан жол-көлік оқиғасы орнынан қашып кеткен. Бұл жөнінде Алматы полиция департаментінің ресми өкілі Салатанат Әзірбек мәлімдеді деп хабарлайды NUR.KZ.

Көлік жүргізушісі бүгін, 30-шы желтоқсан күні тұтқындалған. Оған қатысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстары екі бап бойынша басталды. Жүргізуші адам өлімі болған жол апатын жасағаны мен оқиға орнынан кетіп қалғаны үшін айыпталуда.

Полицияның мәліметінше, жантүршігерлік жол апатында үш адам қаза тапқан. Олар Mitsubishi Galant көлігінің жүргізушісі мен екі жолаушысы. Жолаушылардың бірі отандық танымал актриса Шолпан Елгезек болып шыққан.

Оған қоса, онымен бір көлікте болған тағы бір актриса Айзада Сатыбалдиева жансақтау бөлімінде жатыр.

Айта кетейік, жантүршігерлік жол апаты 29 желтоқсан күні таңғы уақытта, Абай мен Сейфуллин көшелерінің қиылысында орын алды.

Сіздің реакцияңыз
3
9
2
32
1
5
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel