RU

Күрекпен шабуылдаған: Бейтаныс ер адамнан зардап шеккен әйел мұғалім болып шықты

Жезқазғанда жалпы білім беретін орта мектептің мұғаліміне ер азамат күрекпен шабуыл жасаған деп хабарлайды NUR.KZ.

Көрнекі фото: rosbalt.ru
Көрнекі фото: rosbalt.ru: Facebook

Мұғалімге таңертең үйінен мектепке қарай шыққанда шабуыл жасалған.

Қылмыскер ұзтазды кеуде тұсынан пышақпен жаралап, күрекпен ұрған. Соның салдарынан оқытушының сүйегі сынған. Ол талып қалғанда, күдікті ізін суытқан.

Мектеп басшылығы пікір білдіруден бас тартты.

Еске сала кетсек, бүгін Жезқазғанда таңғы сағат сегізде үйінен жұмыстарымен шыққан әйелге белгісіз азамат суық қарумен шабуылдаған болатын. Полиция тез арада күдіктіні құрықтады. Оқиғаның мән-жайы тексерілуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1771204-krekpen-sabuyldagan-bejtanys-er-adamnan-zardap-sekken-jel-mgalim-bolyp-sykty.html