RU
Танымал бокс бапкері қайтыс болды
Жаңалықтар Спорт

Танымал бокс бапкері қайтыс болды

Рассказать Вконтакте

Ақтау қаласының атақты бапкері Александр Александрович Драч 79 жасында қайтыс болды деп хабарлайды Lada.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Александр Драч, фото: Lada.kz

Александр Драч, фото: Lada.kz

Александр Драч – бокстан еңбек сіңірген бапкер, Қазақстан спортының ардагері, Маңғыстау облысының құрметті азаматы.

Ақтаулық бокс сүйер қауым бапкерді "Сан Саныч" лақап атымен біледі.

Жаттықтырушы әскерден соң 1971 жылы Ақтауға келіп, бокс үйретуді бастаған.

Ол бапкерлік қызметке 45 жылын арнаған.

Александр Драч өзінің мансабында жастар арасындағы Еуропа және әлем чемпиондарын, Азия жүлдегерлерін, мұнайлы елдер арасындағы әлем кубогы жеңімпаздарын, КСРО чемпионаты мен кубогы чемпиондарын, Қазақстан біріншілігінің жүлдегерлерін шығарған.

Атақты бапкердің отандық спорттың дамуына сүбелі үлес қосқанына ешкім күмән келтірмейді.

Александр Драчты ақтық сапарға шығарып салу сәті 2 қаңтар күні "Маяк" спорт кешенінде өтеді.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel