RU
Алматыда жантүршігерлік жол апатынан қаза тапқан актриса туралы не білеміз? (фото)
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Алматыда жантүршігерлік жол апатынан қаза тапқан актриса туралы не білеміз? (фото)

Рассказать Вконтакте

Қазақстандық актриса Шолпан Елгезек 29-шы желтоқсан күні, Алматының қақ ортасында орын алған жантүршігерлік жол апатында қаза тапты. Үш адамның өмірін қыршынынан қиған жол-көлік оқиғасына қатысы бар жүргізуші тұтқындалды деп жазады NUR.KZ.

Instagram желісіндегі суреттеріне қарағанда Шолпан ақкөңіл адам болғанын аңғаруға болады.

Актриса - Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясының түлегі. Ол Қуанышбаев атындағы музыкалық-драма театрында қызмет еткен.

Шолпан Елгезек Алматы қаласында дүниеге келген. 1989 жылы ол №45 орта мектепті тәмамдап, 1995 жылы өнер академиясына оқуға түседі.

Актриса "Шабдалы" фильмі мен "Жараланған жүректер»" телехикаясында басты рөлдерді сомдады.

Өзінің жеке парақшасында ол тек жақсы ойлар мен әйел сұлулығы тақырыбында жазба қалдырып жүрген.

Олардың кейбірін назарларыңызға ұсынбақпыз.

Айта кетейік, жантүршігерлік жол апаты 29 желтоқсан күні таңғы уақытта, Абай мен Сейфуллин көшелерінің қиылысында орын алды.

Сіздің реакцияңыз
0
4
1
22
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel