RU
Алматыдағы жол апатында тірі қалған Айзада Сатыбалдиева жөнінде не білеміз?
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Алматыдағы жол апатында тірі қалған Айзада Сатыбалдиева жөнінде не білеміз?

Рассказать Вконтакте

Қазақстандық актриса Айзада Сатыбалдиева жол апаты орын алған кезде Шолпан Елгезекпен бірге көлік ішінде болған. Айзада Сатыбалдиева Қазақстанның өнер саласына еңбек сіңірген қайраткері болып табылады деп жазады NUR.KZ.

Жантүршігерлік жол апатынан кейін бірден жансақтау бөліміне жатқызылған Айза Сатыбалдиева бүгінде есін жиды.

Ол оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. 1998 жылы Жүргенов атындағы театр-көркем өнер институтын тәмамдады.

Әуезов атындағы драма театрға жұмысқа ауыспай тұрып, 2007 жылдан бері Айзада өнер академиясында сабақ беріп келді.

Өзінің кәсіптік қызметі жылдары Айзада ондаған танымал спектакльдер мен пьесаларда басты рөлдерді сомдады. 2018 жылы ол өнерге еңбек сіңірген қайраткер атанған.

Айзаданың Instagram парақшасынан актрисаның қандай жаңалықтармен жиі бөлісіп тұратынын байқауға болады.

Сіздің реакцияңыз
1
1
0
8
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel