RU
Қазақстандық министрлер мен саясаткерлер жаңа жылды қалай қарсы алмақ?
Жаңалықтар Саясат және экономика

Қазақстандық министрлер мен саясаткерлер жаңа жылды қалай қарсы алмақ?

Рассказать Вконтакте

Қазақстандық саясаткерлер жаңа жылды қалай және кіммен қарсы алатыны жөнінде айтты деп жазады NUR.KZ.

Коллаж: NUR.KZ/ Фото: акорда, отырар, today.kz, Sputnik

Коллаж: NUR.KZ/ Фото: акорда, отырар, today.kz, Sputnik

Елбасы журналистермен өткен кездесуінде жаңа жылдан әрқашан жаңашылдық күту керетігін айтқан.

"Біз бала кезден бұл мейрамды асыға күтетінбіз. Мен сіздерге айтарым: Өскеннен кейін де бұл дәстүр өзгермейді ия? Жаңы жыл - ол өз алдына құпия, жаңа нәрселерді күту болып табылады. Әлі де сол қалпы, балаларыммен жаңа жылды асыға күтудемін" , - деді Назарбаев.

Фото: today.kz

Фото: today.kz

Оған қоса, президент мереке күндерімен қатар алдағы жұмыс туралы ойлайтынын да жеткізді.

"Мен келер жылдың жұмыс кестесін ойлай бастаймын. Менде бір жылға көптеген іс-шаралар белгіленген", - деді Назарбаев.

Сенатор Дариға Назарбаева жаңа жылды отбасымен бірге бас қосатын жалғыз күн екенін айтты.

"Жаңа жылды біз Алматыда, ата-анамыздың үйінде қарсы аламыз. Жылына бір рет қана болатын мұндай күнді асыға күтеміз" , - деп ағынан жарылғы ол.
Фото: today.kz

Фото: today.kz

Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов те жаңа жылдық демалысына қатысты жоспарымен бөлісті. Оның айтуынша, ол бұрыннан келе жатқан дәстүрді бұзбай, отбасымен қарсы алмақ.

" Біз балалрымызбен ата-анамыздың қасында боламыз. Әрбір жыл тек қана отбасымызбен. Бұл жолы да дәл солай болады" , - деді ол.
Фото: vlast.kz

Фото: vlast.kz

Sputnik Казахстан хабарлауынша, юстиция министрі Марат Бекетаев та жаңа жылын жанұясымен қарсы алмақ. Оның айтуынша, ата-анасы үшін балаларымен жолығу үлкен мейрам.

"Қазір үлкен ағаммен бірге ата-анамыхға бармақпыз. Жаңа жылды отбасымен қарсы аламыз" , - деді министр.
Фото: today.kz

Фото: today.kz

Tengrinews.kz агенттігінің мәлімдеуінше, энергетика министрі Қанат Бозымбаев 2019 жылды отбасымен қарсы алады. Ол өз жақындарына тосын сый жасайтынын айтты.

Фото: kazgazeta.kz

Фото: kazgazeta.kz

Ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев та әріптестерінен қалыспай, жаңа жылды жанұясының ортасында қарсы алады. Алайда, алдымен ол барша әріптестерін жинап, оларға өткен жылда атқарылған үлкен жұмыс үшін алғыс білдірмек.

Фото: Arnapress.kz

Фото: Arnapress.kz

Бұрынғы сыртқы істер министрі Қайрат Абдрахманов да отбасылық дәстүрін бұзбай, жаңа жылды жанұясымен өткізеді. Оның айтуынша, дастархан үстінде барлығы бір-біріне сыйлық табыстайды.

Фото: ria.ru

Фото: ria.ru

Қаржы министрі Әлихан Смайлов мерекені отбасымен тойламақ. Оған қоса, ол балалары жаңа жылдық сыйлықтарды күтіп жүргенін айтты.

Фото: Sputnik Қазақстан

Фото: Sputnik Қазақстан

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
1
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel