Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыдағы актриса өлімі: Gelandewagen жүргізушісі көлікті мас күйінде жүргізген

Опубликовано:

Алматының қақ ортасында Шолпан Елгезек қаза тапқан жол апатына қатысты жаңа деректер шықты. Анықталғандай, тұтқындалған Mercedes Benz G-55 көлігінің жүргізушісі мас күйде болған. Бұл туралы қалалық полиция департаменті мәлімдеді деп жазады NUR.KZ.

Фото: Instagram Коллаж. NUR.KZ
Фото: Instagram Коллаж. NUR.KZ: Facebook

Ведомствоның хабарлауынша, жол апатын жасап, артынан оқиға орнынан қашып кеткен ер адам көлікті мас күйде жүргізген. Тұтқындалған 1985 жылғы азамат уақытша тергеу изоляторына тоғытылған.

Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары екі бап бойынша жүріп жатыр. Қазіргі таңда, қажетті сараптамалар белгіленген.

Айта кетейік, жантүршігерлік жол апаты 29 желтоқсан күні таңғы уақытта, Абай мен Сейфуллин көшелерінің қиылысында орын алды.

29 желтоқсан күні таңғы уақытта болған апатты жағдай салдарынан отандық актриса Шолпан Елгезек қаза тапты. Жол-көлік оқиғасы жалпы үш адамның өмірін жалмады.

Оған қоса, көлікте болған тағы бір актриса Айзада Сатыбалдиеважансақтау бөлімінде жатқызылған. Күні кеше, оның есін жиғаны туралы хабарланған болатын.

Күні кеше, полицейлер жантүршігерлік жол апатына қатысы баркөлік жүргізушісін тұтқындады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1771240-almatydagy-aktrisa-limi-gelandewagen-zrgizusisi-klikti-mas-kjinde-zrgizgen/

pixel