RU
Балқашта жоғалып кеткен 70 жастағы зейнеткер өлі табылды

Балқашта жоғалып кеткен 70 жастағы зейнеткер өлі табылды

Рассказать Вконтакте

Осыдан бір айға жуық уақыт бұрын жоғалып кеткен Балқаш тұрғыны Серікхан Ермекбаев өлі күйінде табылды. Зейнеткердің денесі 29 желтоқсан күні темір жол бойынан табылған деп хабарлайды NUR.KZ.

Көрнекі сурет. Фото: gorodvo.ru

Көрнекі сурет. Фото: gorodvo.ru

70 жастағы қария ақыл-есін жоғалтып алатын болған. Осы уақытқа дейін еріктілер мен полиция Серікхан Ермекбаевты іздегенімен, нәтиже болмаған.

"29 желтоқсан күні қарияның денесі табылды. Оны темір жол бойынан жолаушылар тауып алған. Ер адам отырған күйінде үсіп қалған. Оны тауып алғандар полицияға хабарласқан. Қазіргі уақытта зейнеткердің Серікхан Ермекбаев екені анықталды", - деді зейнеткердің әпкесі Әсия Садықова.

Әйелдің айтуынша, оның денесінде зорлық-зомбылық іздері болмаған.

"Қаңтардың 1-де оны жер қойнына тапсырамыз. Бізге ауыр тиді. Оны тірідей табылады деп үміттенген едік", - деді марқұмның әпкесі.
Сіздің реакцияңыз
4
0
0
4
1
1
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel