RU
Жаңа жыл қарасаңында теңге антирекорд орнатты
Жаңалықтар Финансы

Жаңа жыл қарасаңында теңге антирекорд орнатты

Рассказать Вконтакте

Өткен аптада ұлттық ақша долларға шаққанда 12 теңгеге құлдырады деп жазады «Хабар 24» сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Rezonans.kz

Көрнекі фото: Rezonans.kz

Қазақстандық стратегиялық зерттеулер институтының сарапшысының мәліметінше, 2018-ші жылы теңге бағамы дәстүрлі факторларға бағынбапты.

Жыл басынан бері доллар индексі 4,7 пайызға өскен. Ал теңге АҚШ ақшасының жанында 11,6 пайызға әлсіреген. Инфляция деңгейін төмендету, ағымдары операциялар есептерін азайту сынды мемлекеттің ішкі шаралары шығындар жағынан ұлттық валютаны теңестіруге көмектескен.

Сарапшылардың болжамынша, 2019 жылы дамушы елдердің нарығына қысым 2018-ші жылмен салыстырғанда бәсеңдейді. Себебі МЭЕҰ әлемдік мұнай бағасын тұрақтандыруға тырысуда.

Дегенмен сарапшылар 2019-шы жылдың аяғында доллар 380 теңге дейінде тұрады деп болжауда. Ал бүгінгі осы жылдың соңғы KASE сессиясының нәтижесі бойынша доллар бағамы 384 теңге 20 тиынды құраған.

Ақша айырбастау орындарында доллардың сатылымдағы орташа бағамы 387 теңгені құраған.   

Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменовтың сөзінше, 11 айдың қорытындысы бойынша ЖІӨ 4,1 пайызға өскен.

Тимур Сүлейменовтың болжамынша, 2019 жылы Қазақстан экономикасы 3,9 пайызға өседі.

Министрдің сөзінше, үш жылдық бюджет жоспарына мұнай бағасы барреліне 60 доллардан есептелген. Ал бүгінгі таңда келесі жылдың бюджетіне доллар бағамы 350 теңгеден жоспарланған.

Сіздің реакцияңыз
7
1
0
2
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel