RU
Бірінші қаңтардан бастап шетелдіктер визаны электронды түрде алатын болады
Жаңалықтар Қоғам

Бірінші қаңтардан бастап шетелдіктер визаны электронды түрде алатын болады

Рассказать Вконтакте

2019-шы жылдың бірінші қатарынан бастап еліміздегі шет ел азаматтары бір реттік визаны электрондық форматта алады деп хабарлайды "ҚазАқпарат"агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

all.biz

Көрнекі фото:all.biz

Электрондық виза (іскерлік, туристік және емделу үшін) ішкі істер министрлігінің көші-қон қызметі бөлімшелерінде белгіленген тәртіппен ресімделген қазақстандық тараптың шақыруы негізінде беріледі.

Шет ел азаматтары электронды визамен тек Астана және Алматы қалаларындағы халықаралық әуежайлардың бақылау пункттері арқылыел аумағына кіріп, шыға алады. Туристік электрондық визалар 117 елдің, іскерлік және емделу үшін - 23 елдің азаматтарына беріледі.

Электрондық виза тек визаны алушы үшін ғана жарамды және онымен бірге жүрген тұлғаларға қолданылмайды. Төленген консулдық алымдар қайтарылмайды.

Виза алушы ұсынған паспорт келесі талаптарға сай болуы тиіс:

1. түпнұсқа және иесіне тиесілі екеніне күмән келтірмеуге, ұзартулар, белгілер, ескертпелер, жазбалар, өшірулер мен түзетулер, жыртылған немесе тігілген беттері болмауы тиіс; 

2. кемінде екі таза бет болуы тиіс;

3. қолданылу мерзімі сұратылған визаның қолданылу мерзімінің аяқталу күнінен бастап үш айдан бұрын аяқталмауы тиіс.

Қабылдаушы тұлғалар өздерінде болатын келіп кетішулер туралы көші-қон қызметі органдарына олар келген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде хабарлайды (аталған қызмет онлайн режимде Визалық және көші-қон порталында қолжетімді).

Сіздің реакцияңыз
2
0
0
0
0
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel