RU
"Тәрбие тал бесіктен басталады": МСМ танымал журналистің сынына жауап қайтарды
Жаңалықтар Пресс-релизы

"Тәрбие тал бесіктен басталады": МСМ танымал журналистің сынына жауап қайтарды

Рассказать Вконтакте

Белгілі журналист Бибігүл Дәулетбекқызы әлеуметтік желідегі парақшасында жалаңаштанып жүрген қыздарға қатысты мәдениет және спорт министрлігінің шара қолданбай отырғанын сынға алған. Министрліктің баспасөз хатшысы Айдар Қырықбай Facebook парақшасында Бибігүл Дәулетбекқызының постына жауап берді.

POLITOBZOR.NET

Көрнекі фото:POLITOBZOR.NET

"Instagram" жəне "Facebook" əлеуметтік желілерінде  Сіздің парақшаңыздан жазылған пікіріңізбен мұқият таныстым. Əрине, ел азаматы ретінде Министр де, мен де бұл, мəселелерге шара қолдануды қалаймыз, Сіздің азаматтық көзқарасыңызды қолдаймыз.
Осы  таңда "Атың шықпаса, жер өрте" деген ұстаныммен жастар арасында көптеген оқиғалар орын алуда. 2018 жылы əлеуметтік желілерде жұртшылыққа резонанстық жағдай қалыптастырған бірнеше жағдай ешкімнің назарынан тыс қалған жоқ. Соның ішінде, "Ұлттық киімде тəнін жарнамалаған қыз" (Ш.Нарчаева), "Көкірек тұсын жалаңаштаған қыз" (Д.Тасова) мəселелері қазақ азаматы ретінде бəріміздің  оң шымбайыма қатты батты. Ұлттық бітім-болмысымыздан ада, көрегенделігімізге жат қаракөздеріміздің ұятты қылықтары үшін намыстанамыз.  Бұл, мəселелердің қоғам болып бір шешімін шығаратынымызға сенімдімін!
Сіз жазған пікірде, орын алып жатқан жағдайлардың алдын алу тікелей ҚР Мəдениет жəне спорт министрлігіне қатысты деп көрсетілген. 
Егер, осы жағдайлардың нүктесін қою ҚР Мəдениет жəне спорт министрлігінің құзырында болса, дереу түрде шара қолданар едік. 
Сізді ақпараттандыру саласының көзі ашық, қарымды маманы ретінде келесі деректерді қаперіңізге беремін:
1. Мəдениет пен  тəрбие - бір-бірінен ажырамас ұғымдар. Тəрбие осал болған жерде, мəдениеттің жоғарылауы мүмкін емес. Алайда, ҚР Мəдениет жəне спорт министрлігі - аталмыш салалардың дамуын бақылаушы құзырлы орган. Ал, Сіз дерек келтірген мəселелерді ретке келтіру жəне тəртіптік шара қолданумен басқа Министрліктер жұмыстанады;
2.  ҚР Мəдениет жəне спорт министрлігі халқымыздың төл өнерін дамытып, Елбасы ұсынған "Рухани жаңғыру" мақалалық бағдарламасы аясында кешенді іс-шараларды жүзеге асыруда. 
Атап өтсек, қасиетті құндылығымыз - қара домбыраның қадірін өскелең ұрпаққа дəріптеу мақсатында биыл тұңғыш рет Ұлттық домбыра күні атап өтілсе, бағаналы орда, басты орда Астана қаласына "Алтын домбыра" Республикалық ақындар айтысы 3 жылдан соң қайта оралды.  Еліміздің басты концерт залында өміршең өнердің басты бəйгісі VII рет дəстүрлі түрде өткізілді. 
  Опера бағыты бойынша қазақ əдебиетінің дара да дана, шоң тұлғасының өмірі мен шығармашылығына арналған  "Абай" қойылымы əлем елдерінде сахналанды. Мысалы, Италия, Франция елдерінде бұл туындыға деген көзқарас өте жоғары. 
  Біздің министрлік тарапынан отандық киноөндірісіне айырықша көңіл бөлініп, "Біржан сал", "Құнанбай", "Əміре" көркем картиналары көрерменге жол тартты.
  Анимациялық туындылар да биыл айырықша қолдауға ие. "Мұзбалақ", "Күлтегін"  фильмдері жарыққа шықты. 
 Бұлар, атқарылған істердің бір парасы ғана.
Жоғарыдағы деректерді жеткізе отырып,  Сізге жəне əлеуметтік желі қолданушыларына айтар пікірім, ҚР азаматы ретінде Сіз жазған жəйттерді біздің құзырымызға кірмейді Керісінше, Сіздің көзқарасыңызды қолдайтынымызды жəне  осындай жағдайлардың алдын алуға қоғам болып күресуге үндейміз!
Барлап қарасақ, орын алған мəселелердің дені - жастар тəрбиесінің осалдығына келіп тіреледі. "Тəрбие  тал бесіктен басталады" демекші, өз ұлтын осылай масқара ету, ашықтан ашық тəнін жарнамалау - жоғарыдағы азаматшалардың көрген тəрбиесінің, өресі жеткен жерінің көрсеткіші деп ойлаймын. Ешбір ата-ана перзентінің "ат атандырып, сүйек сындырғанын" қаламайды. Демек, жастар арасындағы жайылып кеткен тəрбиені жолға салу - Министрліктердің ғана емес, бүкіл халықтың біріге отырып атқаратын үлкен шаруасы. 
Ең алдымен, ұлтын сүйген əрбір ата-ана өз баласын осындай теріс қылықтардан сақтандырып, дұрыс тəрбие көрсету керек. 
Қадірлі ел азаматтары!
Көтерілген мəселелерге жол бермеу үшін экранның арғы жағында "кемеңгер" болудан гөрі, нақты іске көшкеніміз дұрыс деп ойлаймын. 
 Мəселен, осы жағдайларды Алқа билер кеңесінің талқысына салу,  кейіпкерлердің ата-аталарымен сөйлесу жəне өздерімен түсінік жұмысын жүргізуге бірге атсалысуға шақырамыз.
Құрметті Бибігүл Дəулетбекқызы!
Сізден қоғам белсендісі ретінде қандай да бір ақпарат таратар алдында мəселені нақты зерттеуіңізді сұраймын. 
Себебі,  ақпараттандыру саласындағы нақтыланбаған деректер - қоғамда арандатушылық тудыруы ғажап емес. 
Зейін қойғаныңызға рахмет!",- деп жазыпты мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз хатшысы.

Еске сала кетейік, белгілі журналист Бибігүл Дәулетбекқызы төсін жалаңаштаған қызы елден қууды талап еткен болатын. Журналист Facebook парақшасында осы жағдайды сынға алып, шара қолдануын талап еткен.

Сіздің реакцияңыз
5
0
1
3
1
1
7
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel