RU
Бүгіннен бастап көлік жүргізушілеріне қатысты енген жаңашылдық қандай?

Бүгіннен бастап көлік жүргізушілеріне қатысты енген жаңашылдық қандай?

Рассказать Вконтакте

2019 жылдың бірінші қаңтарынан бастап қазақстандық жүргізушілерге қатысты бірқатар жаңашылдық күшіне енеді. Мәселен көлік құралын тіркеу куәлігіне микрочип салынып, формасы өзгереді. Сондай-ақ енді өзіңізбен бірге сақтандыру полисін алып жүру қажет емес деп хабарлайды Хабар 24.

Көрнекі фото: dailynews.kz

Көрнекі фото: dailynews.kz

Биылдан бастап көлікті тіркеу куәлігі ықшамдалады. Оның пішіні мен көлемі өзгеріп, көліктің тіркеу деректері толық жазылатын электронды микрочип орнатылады.

ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің ресми өкілі Ирина Лукьянинаның сөзінше, жүргізушінің барлығы көлікті тіркеу куәлігін ауыстыруға міндетті емес.

Жаңа нұсқадағы куәлік кім көлігін жаңадан тіркеді сол азаматтарға беріле бастайды. Бірақ өз қалауымен тіркеу куәлігін ауыстырғысы келетіндерге ешқандай шектеу жоқ екен.

Сонымен қатар 2019 жылдан бастап өзіңізбен бірге сақтандыру полисін алып жүрудің қажеті жоқ, алайда бұл көлікті сақтандыру қажет емес дегенді білдірмейді.

Көлігіңіздің сақтандырылған немесе сақтандырылмағанын полицейлер біріңғай электронды база арқылы тексере алады. Сол үшін еліміздегі тәртіп сақшыларының 92 пайызы арнайы планшетпен жабықталған.

"Ал егер кейбір жерлерде болмаған жағдайда олар өздерінің қолындағы рация арқылы кезекшіге звондап, жүргізушінің сақтандырылғанын, сақтандырылмағанын тексере алады", - дейді ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің бөлім бастығы Нұрсейіт Әбішев.

Сіздің реакцияңыз
9
1
2
2
7
23
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel