RU
Танымал актер Украина президенті болуға таласпақшы
Жаңалықтар Әлемде

Танымал актер Украина президенті болуға таласпақшы

Рассказать Вконтакте

Украинадағы "Вечерний квартал" комедиялық шоуының жүргізушісі Владимир Зеленский 2019 жылдың 31-ші наурызында өтетін президент сайлауына қатысуға бел буған деп хабарлайды lenta.ru-ға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Танымал кино актер президенттікке үміткер атанғанын украиналықтарға жаңа жылдық үндеуі кезінде "1+1" телеарнасы арқылы хабарлаған. Бейнежазба әртістің Facebook парақшасында жарияланды.

"Менен көптен бері: "Қатысасың ба, қатыспайсың ба?" деп сұрайды. Білесіз бе, біздің "ұлы" саясаткерлер сияқты сіздерге құр уәде бергім келмейді. Жаңа жылға бірнеше минутқа қалғанда мен сіздерге уәде беріп, оны бірден орындаймын. Қымбатты украиналықтар, мен президент сайлауына қатысуға уәде беремін", - дейді актер.

Зеленскийдің сөзінше, қазіргі таңда әр украиналық үшін таңдаудың үш жолы бар.

"Бірінші жол өмірдің ағысымен бұрынғыдай өмір сүре бересін. Бұл қалыпты жағдай, әркімнің өз таңдауы. Екінші жол киімдерінді жинап, өзге елге барып, ақша тауып, жақындарын мен туыстарына жіберіп отыру. Бұл да қалыпты жағдай", - дейді әзілкеш.

Алайда Владимир Зеленский үшінші жолды таңдағанын, Укрианада қандай да бір өзгеріс енгізуге өзі тырысып көретінін айтқан

Сіздің реакцияңыз
2
0
0
0
3
0
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel