RU
Ақтаулық оқушы қыз 26 минутта 30 мың есеп шығарып, рекорд жаңартты

Ақтаулық оқушы қыз 26 минутта 30 мың есеп шығарып, рекорд жаңартты

Рассказать Вконтакте

Он бір жастағы ақтаулық Орынгүл Арыстан 26 минут ішінде 30 мың есеп шығарып, менталдық арифметикадан әлемдік рекордқа өзгеріс енгізді. Ол 120 мемлекеттен келген 150 қыздың арасынан үздік шығып, жеңімпаз атанған деп хабарлайды Замана басылымы.

Орынгүл Арыстан. Фото: Замана

Орынгүл Арыстан. Фото: Замана

№17 мектептің 6 сынып оқушысы Орынгүл Арыстан Санкт-Петербург қаласында менталдық арифметикадан өткен чемпионатта рекорд жаңартқан.

"Ресей мемлекетінде өткен жарысқа 150 қыз қатыстық. Барлығымызға бір қарындаш берілді. Ішінде есептер жазылған парақ таратылды. Сосын уақытты қойып, қарындашты бір-бірімізге беріп, кезекпен шығардық, кейін уақытты тоқтатты. Осынша күрделі бәсекеде жүйрік атанғаным әлі күнге дейін түс секілді. Бірақ көп дайындық болды. Маған сеніп, үміт артқан жандардың тілегі мен білімім жеңіске жетеледі", - дейді оқушы қыз.

Азия рекорд кітабы және әлемдік рекорд кітабы өкілдерінің шешімі бойынша, Санкт-Петербург өткен жарыс­та тарихта алғаш рет ұзақ математикалық есеп шығарылған екен.

Бұл рекорд World Book Records (WBR) кітабына енген.

Орынгүл сонымен қатар қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде еркін сөйлейді.

Сіздің реакцияңыз
1
1
1
0
0
34
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel