RU

"Күлмейсің, жылайсың": Рүстем Қайыртайұлы Жайдарман ойыншыларына шүйлікті

Белгілі ақын Рүстем Қайыртайұлы ұлттық арнадағы Жайдарман ойыншыларын сынға алды. Әзілкештердің дөрекілігі ақынның шамына тиген деп жазады NUR.KZ.

Фото: aqjolgazet.kz
Фото: aqjolgazet.kz: Depositphotos

Рүстем Қайыртайұлы ойыншыларға деген пікірін өзінің Instagram парақшасында жазып, бұған ұлттық арнаны құлақ түруге шақырған.

"Ұлттық арна. Жайдарман. Бір-біріне тек "ей, ей, ей" деп сөйлейтін өңшең дөрекі КВНшылар. Күлмейсің, жылайсың. Осы постты жазып отырғанда жеті рет "Е", "Ей" дегенді естіп үлгердім. Сұмдық-ай!!! @kaztrk_kz @kaztrk_kz құлақ түріңіз, сенбесеңіз!", - деп жазды ақын.

Желі қолданушыларының бір тобы ақынның бұл пікірін қолдаса, енді бірі "ей" деген қаратпа сөз екенін, сондықтан одан аса бір кірбің іздеудің қажеті жоқ екенін жазуда.

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1771314-klmejsi-zylajsy-rstem-kajyrtajly-zajdarman-ojynsylaryna-sjlikti.html