Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жабық базардан көрпеге оралған нәресте табылды (фото)

Опубликовано:

Бангкок тұрғындары жабық базардан көрпеге оралған сәбиді тауып алған. Нәрестенің ата-анасы ұрсып қалып, оны базарға тастап кеткен болуы мүмкін деп хабарлайды life.ru-ға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото © Viral Press
Фото © Viral Press: Depositphotos

Бангкок тұрғындарының бірі полицейлерге шамамен кешкі 23-00-де базардан шығып жатқан баланың даусын естігенін айтады. Олар дауыс шыққан жаққа қарай барып, сөрелердің бірінен сәбиді көреді.

Бұл уақытта барлық саудагерлер үйіне кетіп қалған, сондықтан бала жыламайынша оны ешкім байқамаған.

Бір қызығы нәрестені тастап кеткендер оны көрпеге орап, қасына емізіген, жаялығын тіпті лосьонына дейін қалдырып кеткен.

Куәгерлердің полицияға айтуынша, олар нәресте ұстаған жұпты көргенін, олардың қатты айқайласып жатқанын жеткізген.

Басылымның жазуынша, сәбидің ата-анасы ұрсып қалғаннан кейін, баладан құтылғысы келген болуы мүмкін.

Қазір нәресте ауруханаға жатқызылған. Ал оның өміріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ. Ал жақын күндері оның жауапсыз ата-анасы табылмаса, сәби балалар үйіне беріледі.

Фото © Viral Press
Фото © Viral Press: Depositphotos

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1771323-zabyk-bazardan-krpege-oralgan-nreste-tabyldy-foto/

pixel