Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Магнитогорскідегі апат: Үйінді астында бір жарым күн бойы жатқан сәби аман қалды

Опубликовано:

Магнитогорскідегі құтқарушылар үйінді астынан 10 айлық тірі нәрестені алып шықты. Қазір сәбидің жағдайы ауыр деп бағалануда. Бұл туралы ТАСС агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Фото: tass.ru
Фото: tass.ru: Depositphotos
"Үйінді астынан 10 айлық баланы шығарды. Оны ауруханаға апара жатырмыз. Жағдайы ауыр", - деп хабардар етті жәдел жәрдем қызметінен.

Облыс губернаторы Борис Дубровскийдің баспасөз қызметінің мәліметінше, сәбиге аман қалуға керуеті мен жылы киімдері көмектескен.

Кейін нақтыланғандай табылған сәби 11 айлық болып шықты. Бір жарым күн бойы үйінді астында жатқан Ваня есімді ұл бала жылағанының арқасында табылған. ТЖМ оның құтқарылуын ғажайыпқа балап отыр.

Фото Ресейдің ТЖМ
Фото Ресейдің ТЖМ: Depositphotos
"Оны құтқарушылардың бірі естіп қалған. Сол мезетте ауқамды операция ұйымдастырылды. Ол үшін Ресейдің ТЖМ ондаған мамандары жұмылдырды", - деп хабардар етті ТЖМ баспасөз қызметі.

Алғашқыда сәбидің болуы мүмкін жерді кинологтар тексерген. Алайда олардың болжамы бастапқыда өз дәлелін таппаған. Соған қарамастан құтқарушылар үйінді астына одан әрі үңіліп, сәбиді аман-есен алып шығып, дәрігерлерге тапсырған.

"Құтқарылуын жүздеген адам күтті және ғажайып болды", - деп атап өтті ТЖМ.

Еске сала кетейік, 31 желтоқсан күні таңда Ресейдің Челябі облысының Магнитогорск қаласында 10 қабатты үйдің бір подъезді опырылып қалған болатын.

Соңғы ақпарат бойынша, қаза болғандардың саны сегіз адамға жеткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1771326-magnitogorskidegi-apat-jindi-astynda-bir-zarym-kn-bojy-zatkan-sbi-aman-kaldy/

pixel